×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

АҚШ пен Иран делдалдық келіссөздерді бастады – Түркия СІМ басшысы

Бүгін, 17:00
АҚШ пен Иран делдалдық келіссөздерді бастады – Түркия СІМ басшысы
HalkTV

Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ пен Иран арасында жанама келіссөздер басталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, тараптар делдалдар арқылы хабар алмасып жатыр, ал бұл процеске Пәкістан мен Түркия қатысуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Министр бұл туралы түркиялық A Haber телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, Вашингтон мен Тегеран арасындағы хабарламалар Пәкістан арқылы жеткізіледі, ал АҚШ тарапы бұл үдерісті Анкарамен үйлестіреді. Түркия өз кезегінде Иран тарапымен де байланыс ұстап отыр.

Фиданның сөзінше, түрік дипломаттары қазір екі елдің ұстанымын, үміті мен талаптарын тереңірек түсінуге тырысып жатыр. Осыдан кейін тиісті сигналдар екінші тарапқа жеткізіліп, диалогтың үзілмеуіне жағдай жасалады.

Министр қазіргі таңда АҚШ пен Иранның ұстанымдары соғыс басталғанға дейінгі кезеңмен салыстырғанда өзгергенін атап өтті. Оның айтуынша, бұған дейін Тегеран әскери қақтығыстың алдын алу мақсатында келіссөздерге қатысқан. Ал қазір соғыс ауқымы ұлғайып, келіссөз жүргізу үдерісі күрделене түскен.

Сондай-ақ ол алдағы күндері Түркия, Мысыр, Сауд Арабиясы және Пәкістан сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтуі мүмкін екенін жеткізді. Кездесуді Пәкістанда өткізу жоспарланған. Онда АҚШ пен Иран арасындағы диалогтың дамуы және оны ілгерілетудің мүмкін жолдары талқыланады.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран билігімен келіссөздер жүргізгенін мәлімдеп, елдің энергетикалық нысандарына жасалатын соққыларға бес күндік үзіліс жариялағанын айтқан еді. Алайда Тегеран Вашингтонмен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатқанын жоққа шығарған.

Серіктес жаңалықтары