×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

"Өрмекші адам: Жаңа күн": жаңа кейіпкерлер кімдер және жанкүйерлер пікірі қандай

"Өрмекші адам: Жаңа күн": жаңа кейіпкерлер кімдер және жанкүйерлер пікірі қандай
Фото: MacamStudios

Жақында "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді. Ал фильмнің премьерасы ресми түрде 31 шілдеде өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Marvel мен Sony Pictures студиялары бірлесіп шығарған фильмінің трейлері X платформасында (бұрынғы Twitter) шықты. Кейін YouTube-те. 

Бұған дейін желіде екі секундтық қысқа роликтер арқылы жанкүйерлерді интригада ұстап отырды. Трейлер шыққаннан кейін фильмнің сюжеті мен басты кейіпкерлері туралы әлеуметтік желіде қызу талқылаулар басталды.

Трейлерде актерлер тізімінің ресми реті де көрсетіліп, фильмде басты рөлдерді кімдер сомдайтыны белгілі болды. 

Атап айтқанда, Том Холланд, Зендея, Сэди Синк, Джейкоб Баталон, Джон Бернтал, Трамелл Тиллман, Майкл Мандо және Марк Руффало.

Каратель, Джин Грей және жаңа кейіпкерлер

Басты рөлді дәстүрлі түрде Том Холланд сомдайтыны белгілі, бірақ бұл жолы көрермендерді жаңа кейіпкерлер күтеді. Олар Marvel кино әлемінде бұрыннан таныс болғанымен, Өрмекші адам оқиғасына алғаш рет қосылып отыр.

Фильмде Зендея мен Джейкоб Баталон өз кейіпкерлері — Эм-Джей мен Нед рөлдеріне оралады. 

Ал Марк Руффало өз Брюс Баннер рөлін жалғастырады. Трейлерде оның адам кейпінде колледжде сабақ беріп жүргенін көруге болады. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, бұл фильмде ол Питер Паркердің жағдайын түсінуге тырысып, көмектесетін тәлімгер рөлін атқарады.

Сэди Синк рөлі фильмге қатысатыны белгілі болғаннан бері жұмбақ болып қалды, бірақ жанкүйерлер кейіпкердің кім екенін шамалап біліп, жаңа трейлер осы болжамдарды растады. Ол фильмде Джин Грей рөлін сомдайды. Трейлерде бейнесі толық көрінбесе де, бірнеше кадрдан оның қатысуы анық байқалады.

Актерлік құрамға Джон Бернтал да қосылып, ол Фрэнк Касл — Каратель рөлін сомдайды. Оның жобаға қатысуы күтпеген жаңалық болды. 

Мак Гарган (Скорпион) да оралуы мүмкін. "Өрмекші адам: Үйге оралу (2017)" фильмінде көрінген кейіпкер енді толыққанды қарсыласқа айналған сыңайлы. 

Ал Фред Майерс (Бумеранг) әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр. Комикстерде ол бұрын кәсіби бейсболшы болып, кейін жалдамалы қылмыскерге айналған. Фильмде оның шығу тегі жаңаша сипатталуы мүмкін.

Трейлерде бұдан бөлек белгісіз қарсыластар көрінеді. Соның бірі — аяқтарына өткір жүздер бекітілген кейіпкер. Жанкүйерлер бұл Тарантула болуы мүмкін деп болжайды.

Тағы бір қызық жорамал — адамдардың санасын басқара алатын Мозаика секілді кейіпкердің пайда болуы. Бұл сюжетке мүлде жаңа бағыт беруі ықтимал.

Сондай-ақ трейлерде қызыл киімдегі ниндзялар тобы көзге түседі. Бұл Рука ұйымының қайта оралуын меңзеуі мүмкін. Олар бұрын "Сорвиголова" және "Защитники" сериалдарында көрерменге таныс болған.

Фильм сюжетіндегі күтпеген бұрылыстар

"Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмі Питер Паркердің жаңа өмірін баяндайды. 

Сюжет бойынша, Нед пен Эм-Джей Питерді ұмытып қалады. Трейлер кадрлары тіпті Эм-Джейді жаңа жігітімен көрсетеді.

Трейлерде Питердің жалғыздығы мен күтпеген жаңа қауіп-қатерлер басты назарда. Қаланың қорғаушысы ретіндегі рөлі бұрынғыдан да ауыр, ал кейіпкердің жеке өмірі қайтадан сынға түседі. 

"Біз фанаттар жақсы көретін Өрмекші адамды сақтай отырып, оның әлі ашылмаған жаңа қырлары және айтылмаған тарихымен бөліскіміз келді", — дейді режиссер. 

Сюжет туралы жанкүйерлер не дейді?

Фильм трейлеріне жанкүйерлер әлеуметтік желілерде қызу пікір білдіріп, әсіресе Питер Паркердің (Том Холланд) сюжеттік желісінің шынайы өмірге жақын болғанына қуанып жатыр.

"Міне, біз бәріміз көргіміз келген Өрмекші адам: жалғыз, қалтасында тиыны жоқ, қажыған, бірақ әуеде трюктар жасайтын кейіпкер. Бұл трейлер күніме қуаныш сыйлады", — деп YouTube-те MuhammadAsjad-m5v никнеймдегі фанат пікір қалдырыпты.

"Питер Паркер — бақытсыз, қажыған және проблемалары көп. Мен оны дәл осылай жақсы көремін", — resumengenerico.

"Бүкіл трейлер комиксті оқып отырғандай әсер қалдырды", — Lukaalt619.

"Мені қайтадан 10 жастағы бала секілді сездіріп отыр, және "Противостояние" трейлері енді ғана шыққандай — бір мезгілде жаңа және ескі түрлері. Қайта көріп қуаныштымын, Өрмекші адам", — 0kdevv.

"Карательмен және бір уақытта болып жатқан көптеген оқиға арасындағы Өрмекші адам туралы сюжет? Бұл қайтадан 90-жылдардағы мультсериалды көргендей әсер қалдырады", — hongyun65.

Сондай-ақ Threads-те осындай пікірлер бар.

"Питер Паркер өткенді сағынып жүргендей. Естеліктер өшкен соң жалғыздық мүлде өзгеше сезіледі. Міне, біз ұзақ уақыт күткен, қажыған, бірақ ақылды Өрмекші адам дәл осылай көрінеді", — Duke of South.

"Шын айтыпты: "Қазір мүлде жаңа күн басталады", және бүкіл тарихтағы ең жарнамаланған қайта өзгерісті көрсетті. Питер жалғыз, жаңа жаулар, қауіпті сюжет бұрылыстары – мен бірінші күннен-ақ орнымнан тұра алмай отырмын", — Duke of South.

"Ақыры біз Өрмекші адам туралы фильмді көреміз: оқиғалар шынайы көшелерде өтеді, мультивселеннаяға сілтеме жоқ, әлемдегі апат қауіпі жоқ. Бірақ… Питердің жалғыздығы мен Эм-Джейдің жаңа қарым-қатынасы бізге қалай әсер етеді екен?", — Raesen MATUTU.

"Тамаша! Бәлкім енді комикстердегі ең дәл "Өрмекші адам" нұсқасын ақыры көретін шығармыз", — Nat&Ver.

Трейлердің шығуы франшизаға деген қызығушылықты қайта күшейтті. Сарапшылардың айтуынша, "Өрмекші адам: Жаңа күн" фильмі кино мен стриминг платформаларында Өрмекші адам туралы жобаларға деген қызығушылықты қайта жандандыра түсті. 

Серіктес жаңалықтары