×
482.53
555.44
5.92
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
482.53
555.44
5.92

Ресейдегі төбелес: қазақстандықтар шын мәнінде не болғанын айтты

Бүгін, 08:22
Ресейдегі төбелес: қазақстандықтар шын мәнінде не болғанын айтты
Ulysmedia.kz коллажы

Усть-Лугадағы резонанс тудырған төбелестен кейін қазақстандық жұмысшылар үндеу жасап, қақтығыс неден басталғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде жұмыс істейтін қазақстандықтар жаппай төбелестен кейін көпшілікке үндеу жолдады. «Велесстрой» компаниясының қызметкерлері болған оқиғаның ұлтаралық себептерге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Құрылыс жұмыстарындағы тікелей басшы Сәуірбек Бекжановтың айтуынша, жанжал Қазақстан азаматтары мен күзет агенттігінің қызметкерлері арасында тұрмыстық негізде туындаған. Ол оқиғаға тараптар арасындағы түсінбеушілік себеп болғанын нақтылады.

- Бұл жерде жаппай тұрмыстық төбелес болды. Қазақстан азаматтары мен жергілікті күзет арасында болған жанжал. Адам шығыны немесе біреудің бір жері сынбаған. Жаппай төбелес түсініспеушіліктің кесірінен болған. Өзім Қазақстанда демалып жүрген жерімнен келген. Елшілер келді. Бәрі заң аясында болып жатыр. Қазақстан азаматтары, уайымдамаңыздар, ешкімге ештеңе болмаған, – дейді  Сәуірбек Бекжанов. 

Оқиғадан кейін оқиға орнына құқық қорғау органдары келді. Сондай-ақ жағдайды Қазақстан елшілігінің өкілдері бақылауға алған. Қазақстандықтардың сөзінше, қазіргі уақытта ахуал тұрақталып, жанжал реттелген.

БИЛІК РЕАКЦИЯСЫ

Бұл мәселеге қатысты Мемлекеттік дума депутаты Адам Делимханов та пікір білдірді. Ол болған жағдайдың дінге де, ұлтқа да қатысы жоқ екенін атап өтті.

- Келіссөздер барысында туындаған жағдайды конструктивті талқылаудың арқасында барлық тарап толық өзара түсіністікке келді. Өздеріңіз білесіздер, қазақтар — бізге бауырлас халық. Біз ешкімге тұрмыстық жағдайларды ұлтаралық қақтығыс деңгейіне жеткізуге жол бермейміз, — деді ол.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 27 наурызда Ресейдің Ленинград облысында Қазақстан азаматтары жаппай төбелесті. Оқиғадан кейін ондаған адам ұсталған. Артынша СІМ жаппай төбелестің мән-жайын айтты

Серіктес жаңалықтары