×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстан биыл жанар-жағармай тапшылығын тартуы мүмкін

01.02.2023, 17:09
фото: ашық дереккөзден

Елдегі үш мұнай өңдейтін зауыттың бәрі биыл жөндеуден өтеді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылы 13,7 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді. Биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін ескерсек, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанады», - деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов өткен жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшерін өндірілгенін атап өтті. Алайда оған Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыру арқылы қол жеткізілген. Биыл зауыттардың бәрін жөндеу жоспарланып отырса да, министрлік ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етуге уәде беріп отыр.

Серіктес жаңалықтары