×
481.54
553.24
5.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.54
553.24
5.93

Мұхиттар көтеріліп жатыр. Соңғы 10 жылда климат қалай өзгерді?

Мұхиттар көтеріліп жатыр. Соңғы 10 жылда климат қалай өзгерді?
Фото: НаукаMail.ru

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) жаңа баяндамасына сәйкес, бүгінде Жер шарының климаты бақылау жүргізілген бүкіл кезең ішіндегі ең тұрақсыз күйге жетіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕҢ ЫСТЫҚ ЖЫЛДАР

ДМҰ мәліметінше,  2015 жылдан 2025 жылға дейінгі аралық – ең ыстық кезеңдердің бірі болғаны анықталды. Былтыр әлемдегі орташа температура бұрынғы, яғни зауыттар мен өндіріс дамымай тұрған уақытпен салыстырғанда шамамен 1,43°C-қа жоғары болғаны тіркелді.


- Жердегі климат қазір қауіпті деңгейге жетті. Бұл тұрғыда барлық маңызды көрсеткіштер жағдайдың нашарлап бара жатқанын көрсетіп отыр. Әсіресе, соңғы он бір жылда жер бетінде шамадан тыс температура артқан. Бұл жай кездейсоқтық емес,нақты әрекет ету керек деген белгі, — деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш.


КЛИМАТ НЕГЕ ӨЗГЕРДІ

Мұхиттар жаһандық жылыну процесін тежеуде маңызды рөл атқарады. Соңғы 20 жылда олар артық жылудың 90 пайыздан астамын өзінде ұстап, Жердің қатты қызуына тосқауыл болды. Соған қарамастан, 2025 жылы мұхиттағы жылу рекордтық деңгейге жетіп, жылыну бұрынғыдан екі еседен жылдам жүре бастады. Мұның  салдарынан мұздықтар тез ери бастап, теңіз деңгейі 1993 жылдан бері шамамен 11 см көтерілді.

Ғалымдардың айтуынша, бұл үрдіс тіпті парниктік газдар азайған жағдайда да жүздеген жыл бойы жалғасуы мүмкін.
Сонымен қатар, соңғы жылдары табиғи апаттардың жиілігі артып, салдары ауырлап келеді. 2025 жылы аптап ыстық, орман өрттері, дауылдар мен су тасқындары мыңдаған адамның өмірін қиды. 

Климаттың өзгеруі адамдардың денсаулығына да қауіп төндіріп, жұқпалы аурулар жаңа аймақтарға тарап жатыр.

Сондай-ақ, температураның көтерілуі еңбек жағдайын да қиындата түсті. Әсіресе аптап ыстық ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласында жұмыскерлердің өнімділігін төмендеткен.

Серіктес жаңалықтары