×
478.77
548.62
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.77
548.62
5.87

Қырғызстанда ер адам балаларға ине салынған кәмпит таратқан

Бүгін, 09:44
Қырғызстанда ер адам балаларға ине салынған кәмпит таратқан
Ашық дереккөзден

Бішкекте балаларға ине салынған кәмпит таратты деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ? 

28 наурыз күні полицияға Ақ-Ордо тұрғын алабында белгісіз адамның балаларға кәмпит таратып жүргені, кейін олардың ішінен ине сынықтары табылғаны туралы хабарлама түскен.

Бұл дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тексеру басталған.

Тексеру барысында күдіктіге қатысты арызды қала тұрғыны жазғаны анықталған. Оның айтуынша, 2015 жылы туған қызы және басқа да балаларға белгісіз ер адам кәмпит беріп, оның ішінен инелер табылған. 

САРАПТАМА

Осы факті негізінде Бішкек қаласы Ленин аудандық ішкі істер басқармасының тергеу қызметі қылмыстық іс қозғап, тиісті сараптамалар тағайындаған.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталған. Ол тергеу қызметіне жеткізіліп, Қырғыз Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 96-бабына сәйкес Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары