×
478.77
548.62
5.87
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.77
548.62
5.87

ҚМДБ әйелдерінің бірін шәкіртіне «сыйлап жіберген» «имам» туралы мәлімдеме жасады

ҚМДБ әйелдерінің бірін шәкіртіне «сыйлап жіберген» «имам» туралы мәлімдеме жасады
видеодан скрин

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы соңғы уақытта қоғамда талқыланып жүрген Құрбанәлі Ахметке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚМДБ ПІКІРІ

Құрбанәлі Ахмет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді, Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз, - делінген мүфтият хабарламасында.

ҚМДБ дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. 

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, қазақстандық имам Құрбанәлі Ахмет Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін өзінің сұрауымен шәкіртіне қосқанын айтқан еді. Сондай-ақ ол әйелін қайын атасы «сыйлағанын» және оны бірінші әйелінің рұқсатынсыз алғанын мәлімдеген. Екінші әйелінен бес баласы бар.

Құрбанәлі Ахметтің айтуынша, біраз уақыттан кейін отбасында жанжал туындап, екінші әйелі ажырасуға ниет білдіріп, басқа адамға тұрмысқа шығатынын айтқан. Осыдан кейін ол әйелін өзінің шәкірттерінің біріне тұрмысқа берген.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында Ермұрат Бәпи осы мәселеге байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жұмысын қайта қарау қажет екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары