×
472.31
543.72
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
472.31
543.72
5.86

Қазақстанда туу көрсеткіші күрт төмендеді - сарапшы себебіне үңілді

Қазақстанда туу көрсеткіші күрт төмендеді - сарапшы себебіне үңілді
Фото: shutterstock

Қазақстанда соңғы жылдары туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеп кетті. Осы орайда сарапшы Қанат Оспанов соңғы статистикалық деректермен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа антирекорд?

Сарапшының айтуынша, 2021 жылы елде 446,5 мың сәби дүниеге келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 335 мыңға дейін төмендеген. 

Үрдіс 2026 жылы да жалғасып отыр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қаңтар–ақпан айларында небәрі 48 мың бала туған. 

- «Егер осы қарқын жалғаса берсе, биыл жаңа антирекорд тіркелуі мүмкін. 2023 жылы Қазақстан халқы алғаш рет 20 миллионнан асқанымен, одан кейін өсім тоқтап қалды. Қазір халық саны шамамен 20,5 миллион. Бұл демографиялық өсімнің тежеле бастағанын көрсетеді», – деді ол.

Себебі неде?

Қанат Оспанов туу көрсеткішінің төмендеуін әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланыстырады. 

- «Ірі қалаларда, мәселен, Астанада мектептер жиі лық толы, мемлекеттік балабақшаларда ұзын-сонар кезек, ал жекеменшік балабақшалардың ақысы айына 100–300 мың теңгеге жетеді. Мұндай жағдайда бала туу туралы шешім қабылдау қиындай түседі.», – дейді сарапшы.

Сонымен қатар, ол қазіргі жағдайға 90-жылдардағы демографиялық дағдарыс салдарының да қатысы барын айтты.

- «Сол кезеңде туған буын бүгінде репродуктивті жасқа жетті, алайда олардың саны салыстырмалы түрде аз. Бұл жалпы туу көрсеткішіне тікелей әсер етеді», – деді Оспанов.

Сарапшы туу көрсеткіші бірнеше жыл қатарынан төмендеп келе жатқанын, оның салдары болатынын және қазірден әрекет ету қажет екенін атап өтті.

Әлеуметтік қолдау

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңға сәйкес, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе бірге тұратын 23 жасқа дейінгі оқитын студенті бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төмендегідей жәрдемақы төлейді:

- 4 балаға – 16,03 АЕК  немесе 69 330  теңге;

- 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 86 673 теңге;

- 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 104 017 теңге;

- 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 121 360 теңге;

- 8 және одан да көп балаға – 32 АЕК-ден  бастап немесе орта есеппен әр балаға шамамен 17 300 теңге жұмсалады.

Серіктес жаңалықтары