×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Оралда ерлі-зайыпты құжаттағы қателік кесірінен үйінен айырылып қалған

Оралда ерлі-зайыпты құжаттағы қателік кесірінен үйінен айырылып қалған
Фото: istockphoto.com

Оралда көше атауы мен үй нөмірлерін жаңарту науқанынан кейін ерлі-зайыпты өз баспанасынан айырылып қала жаздады. Қағаздағы қателіктің салдарынан олардың үйі басқа адамның атына өтіп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, үйінің реттік нөмірін өзгертпек болған Светлана Чумакованың өмірі де күрт өзгерген. Қағаздағы қатеден қазір баспанасы бұрынғы көршісінің атына ауып кеткен. Ал ол үйдің заңды иесі ретінде баспананы сатып жіберуі де мүмкін. Осыны уайымдаған ерлі-зайыпты бір айдан бері құжат құшақтап, жауапты орындардың табалдырығын тоздырып жүр.

Үйіміздің басқаға ауысып кеткенін кездейсоқ білдік. Әуелі қоқыс төгу қызметіне көп ақша қарыз екеніміз туралы түбіртек келді. Тексерсек, үйімізге 8 адам тіркеліпті. Бірақ мұнда төрт адам тұрамыз. Содан осыны растайтын анықтама алу үшін әкімдікке бардым. Сөйтіп қоқыс үшін дауласып жүргенде үйіміздің иесі басқа адамдар екенін бір білдік, - деді Светлана Чумакова. 

Бір қызығы, үйдің қазіргі иесі қағаздағы қателікті түзеуге келіспей, түрлі сылтаумен бас тартыпты. Ал бұлар барған жауапты органдар прокуратура мен полицияға шағымдануға кеңес берген.

Қателіктің кесірі балаларыма да тиді: олар қазір бұл үйде тіркелмеген. Осының кесірінен қызыма жеке басын куәландыратын құжатты ала алмай отырмыз. Енді қайда барарымызды білмейміз. Бәрі бізге көмектесуден бас тартты, - дейді Владимир Филимонов.

ӘКІМНІҢ ПІКІРІ

Ауыл әкімі бұл жағдайдан хабардар. Бірақ шенеуніктердің қателігін тұрғындар өзі түзетуге тиіс.

Көшелер өзгергенде адрестер өзгерді ғой. Сол себепті адрестік регистр алуы керек. Ол үшін ХҚКО әлде ЭЦҚ арқылы әр үйдің қожайыны сәулет бөліміне барып, құжаттарын тапсырады. Сәулет бөлімі мекенжайын береді. Сол арқылы адрестік регистр алады, - деді Подстепный ауылдық округінің әкімі Мейірбек Сұлтанов. 

Әкімнің айтуынша, мұндай жағдай көше нөмірін өзгерткенде кездеседі екен. Ал құжаты қате екенін тұрғындар үйін сатарда біліп, сарсаңға түседі. Сондықтан үйдегі қожайын кім екенін біліп жүрген жөн.

Серіктес жаңалықтары