×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Трамп Тегеранға бағыттаған түнгі шабуылдарының ВИДЕОСЫН жариялады

Трамп Тегеранға бағыттаған түнгі шабуылдарының ВИДЕОСЫН жариялады
Фото: AP Photo/Alex Brandon

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран астанасы Тегеранға жасалған түнгі шабуылдардың видеосын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТРАМП НЕ ДЕЙДІ?

Ол аталған видеоны өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында бөліскен.

Трамптың айтуынша, Иран тарапының «қате әрі орынсыз шешімдері» салдарынан елдің бірқатар әскери басшысы жойылған. Сонымен қатар Тегеранға бағытталған ауқымды соққылар нәтижесінде маңызды нысандардың да қиратылғаны айтылды.

КОНТЕКСТ

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Әуе шабуылы кезінде елді үздіксіз 37 жыл басқарған аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Кейіннен Тегеран қарымта ретінде Таяу Шығыстағы АҚШ-тың әскер базалары мен Израильді атқылап, Ормуз бұғазын жауап тастаған.

Бұған дейін The New York Times  басылымы дереккөздеріне сүйеніп, Израиль АҚШ-ты Иран халқы жаппай көтеріліске шығады деген жоспарға сүйеніп, Тегеранға қарсы соғыс ашуға көндірген деп жазған.

Басылымның жазуынша, Иранға қарсы соғыс бастамас бұрын «Моссад» директоры Давид Барнеа Изриаль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жоспарын көрсеткен. Онда соғыс басталғаннан кейін бірнеше күн өткенде Израиль барлау қызметі Иран оппозициясын көтеріліске жұмылдыратыны туралы айтылған. Бұл жоспар Вашингтонға да ұсынылған.

Биньямин Нетаньяху да, Дональд Трамп та Иран басшыларының көзін жойғаннан кейін халық жаппай наразылыққа шығып, соғыс тез аяқталады деген ұстанымда болған. Бірақ АҚШ әскерилері егер АҚШ пен Израиль соққы жасайтын болса, Иран халқы көтеріліске шықпайтынын айтып, Трампты ескерткен.

Серіктес жаңалықтары