Мақат ауданында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, тепкілеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Тәртіп сақшылары қызмет барысында болған.
Облыстық Полиция департаменті 3 сәуір күні сағат 22:00 шамасында Мақат ауданында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алғанын хабарлады.
Тексеру барысында бір топ азамат агрессия танытып, полиция қызметкерлеріне күш қолданған. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті, – деп мәлімдеді ведомство.
ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталып, оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды. Сондай-ақ билік өкілдеріне күш қолдану фактісі бойынша “Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш қолдану” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.