×
470.46
543.1
5.86
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.46
543.1
5.86

Иран АҚШ-тың қатаң талабына қарсы мәлімдеме жасады

Иран АҚШ-тың қатаң талабына қарсы мәлімдеме жасады
Фото: aa.com.tr

Иран билігі АҚШ президенті Дональд Трамптың кезекті сесі мен қойған шарттарын үзілді-кесілді жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Сенбі, 4 сәуір күні кешке Иранның бірнеше жоғары лауазымды тұлғасы АҚШ-тың 48 сағаттық ультиматумына қатысты мәлімдеме жасады. Еске сала кетейік, Дональд Трамп бұған дейін Иранға нақты мерзім бекітіп, талаптар орындалмаса, елдің инфрақұрылымы мен активтеріне соққы жасалатынын ескерткен болатын.

Иран Парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы Эбрахим Азизи өзінің X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында Трамптың сөзіне шұғыл жауап қатты. Ол Иранның кез келген агрессияға дайын екенін айта келе, мәлімдеме жасады.

Иран америкалық сарбаздарды бірден тозақтың түбіне аттандырады, — деп жазды Азизи.

Бұл мәлімдеме Тегеранның ешқандай келіссөзге немесе қысымға көнбейтінін білдірсе керек. Иран тарапы АҚШ-тың бұл әрекетін «әлсіздік пен дәрменсіздіктің белгісі» деп бағалап отыр.

Иранның жоғары әскери қолбасшылығының өкілі, генерал Али Абдоллахи Алиабади де Трамптың мәлімдемесін сынға алды. Оның айтуынша, АҚШ президенті бірнеше рет жеңіліске ұшыраған соң, енді Иранның стратегиялық нысандарына қауіп төндіру арқылы жағдайды өзгертпекші.

АҚШ-ҚА ҚАТАҢ ЖАУАП БЕРІЛЕДІ

Генерал Алиабади егер АҚШ тарапынан жаңа соққылар басталса, оның салдары Уашингтон үшін ауыр болатынын ескертті: АҚШ-тың аймақтағы базалары соққы астында қалуы мүмкін; Иранның инфрақұрылымына тиген кез келген зиян үшін қатаң жауап беріледі.

Бұған дейін АҚШ билігі Иранға қатысты жаңа санкциялар мен әскери қысымды күшейткен болатын. Дональд Трамптың ультиматумы Иранның ядролық бағдарламасы мен аймақтағы әскери белсенділігіне қатысты болса керек. Алайда, Тегеран бұл талаптарды егемендікке қол сұғу деп есептейді.

Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдай өте күрделі. Екі тараптың да шегінер түрі жоқ, ал Трамп бекіткен 48 сағаттық мерзім аяқталуға жақын.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп әлеуметтік желіде Тегеранға бағыттаған түнгі шабуылдарының видеосын жариялаған болатын.

Серіктес жаңалықтары