Жақында Юрий Дудьтің "Ресей еріктілер корпусының" лидері Денис Капустинмен сұхбаты жарияланды. Осыдан кейін Дудьге мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қоғам белсендісі, журналист Илья Варламовтың айтуынша, қазір Юрий Дудьдің шамамен бес сағатқа созылған жаңа сұхбаты көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Сұхбат жарияланғаннан кейін Дудьтың басы дауға қалды, өйткені сұхбатты ол жай бір адамнан емес, “Ресейлік еріктілер корпусының” лидері Денис Капустиннен алған.
“Ресей еріктілер корпусы” – әскери құрылым. Жасақта 2022 жылдан бері Ресейден келген еріктілер Украина жағында соғысып жүр.
Сондықтан, Ресейде Капустин террорист деп танылған, оның ұйымы экстремистік деп жарияланған. Бұл – Ресейде қолданылатын ең қатал «жаза» белгілерінің бірі. Бірақ мұның себебі Ресей билігінің қорыққанынан емес, шын мәнінде оған айып тағуға толық негіз болған.
Айта кету керек, Капустин Еуропаның да “өз адамы” емес. Мысалы, оның оңшыл радикалды қозғалыстарға қатысы болғаны үшін Еуроодақ елдеріне кіруіне тыйым салынған. Иә, ол жақта оны неонацист деп санайды және бұған да себептер жеткілікті, – деді желідегі парақшасында Варламов.

Дудьке төнген қауіп
Журналист Илья Варламовтың пікірінше, Ресейде бірден жаңа қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екені туралы айтылып жатыр. Заңгерлер мен мемлекеттік БАҚ бұл сұхбатты терроризмді ақтау немесе оған жәрдемдесу деп бағалауға болады дейді.
Бұл өте ауыр баптар, тіпті мемлекетке опасыздық жасау ретінде де қарастырылуы мүмкін. Яғни, ресми түрде бұл үшін 20 жылға дейін, ал кейбір трактовкалар бойынша – егер Юрий Дудь жақын арада Ресейге оралуды ұйғарса – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін,– дейді ол.

Еске сала кетейік, Дудьті 2025 жылы Ресей “шетел агенті” деп танып,1 жыл 10 ай бас бостандығынан айыру үкімін шығарған. Бірақ сол сәтте ол Ресейде болған жоқ. Журналист қазір отбасымен Испанияда тұрып жатыр.