×
466.33
538.47
5.9
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
466.33
538.47
5.9

Ауыл әкімі мектепте балаларын кемсіткенге шағымданды

Бүгін, 11:33
Ауыл әкімі мектепте балаларын кемсіткенге шағымданды
фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Құдықсай ауылының әкімі Қасым Жұмабайдың үстінен шағым айтқан ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде көмек сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Желідегі шағым Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Құдықсай ауылының тұрғындары атынан жарияланған. Онда ауыл әкімі мен әйеліне қатысты бірқатар айыптаулар бар. 

Онда әкімнің тұрмыс деңгейі күрт жақсарғаны айтылады. Қысқа уақыт ішінде әкімнің отбасы бірнеше жылжымайтын мүлік пен қымбат көлік иеленген.

“Астана қаласында, Ақтөбе қаласында, Ырғыз ауданында үйі бар. Автосалоннан құны шамамен 15 миллион теңге болатын көлік мінген” деп жазады. Шағымда бұл жағдайлардың заңдылығына күмән келтіріп, тиісті органдар тарапынан тексеріс жүргізуді сұрайды. Сонымен қатар әкімнің әйелінің “көрсетемін мен саған”,  “қалай болса, солай тәрбиеленіп, бұзақылық жасап, керек емес маған ондай бала” деп біреудің баласына айтылған аудио жазбасы тарады. 

Желідегі жанайқай назарға алынды ма?

Бұл мемлекеттік қызмет агенттігі және салық департаментінің құзыры. Білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр,– деп Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов қысқа қайырды. 

Ал Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысы Шерхан Отаров шағым бойынша зерделеу жүргізілетінін хабарлады.

Әкімнің әйелінің дөрекілігіне шағымданған арыз бар. Комиссия құрылды, зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл әкімінің келіншегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мұғалім. Осыған дейін әкімнің әйелі директордың атына шағым түсірді. Ол қаралды. Енді әкімнің әйелінің үстінен түскен шағым зерделенеді,– деді ол. 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі әкімнің әрекеті бойынша әдеп нормаларына тексеру жүргізілетінін хабарлады.

Ауыл әкімінің шындығы

Жазбаға қатысты Құдықсай ауылының әкімі Қасым Жұмабайдың пікірін білдік. Желіде жарияланған дауыс әйелінікі екенін растады. Айтуынша, келіншегі биылғы оқу жылынан бастап директордың орынбасары қызметін атқарады. Оған дейін бастауыш сыныптың мұғалімі болды.

Ол жердегі әңгіме  бала тәрбиесіне қатысты. Бала үйінде тәрбиелену керек. Ол біреудің ар-намысына тиіп тұрған жоқ. Келіншегім ауылдағы білім сапасына наразы. Балаларымды Хромтаудағы мектеп-гимназиясына ауыстырып жібердім. Наразылық баланың бағасын төмендетуден басталды. Қателеспесем, балама тарих пен қазақ тілінен төмен баға қойды. 5- ке игеріп тұрған бала. Үш жыл бұрын басталды. Балам алтынға үміткер еді. Қазір қызыл аттестат алайын деп тұр. Баламның қабілеті жоғары. Бала не себепті қиналып тұр зерттеу керек еді. Әйелім осыдан кейін директордың атына, білім бөліміне шағым түсірді. Зерделеу жұмыстары жүрді, бірақ нәтижесін бермеді, – деді ауыл әкімі. 

Ол 2018 жылдың шілдесінде Құдықсай ауылы әкімі қызметіне тағайындалған. Оған дейін мектеп директоры қызметін атқарды. 2022 жылы ауылға әкім болып қайта сайланды. Әкім жазбадағы жылжымайтын мүліктердің барын растады. 

Үш жыл бұрын “Ауыл Аманаты” жобасымен келіншегімді тіркеп, 200-ге жуық қаз алдық. Балаларым бақты. Нәтижесімен алғашқы салым салып, “Отбасы банк” арқылы Ақтөбе қаласынан үй алдық. Ол үй менің атымда. Бір жыл бұрын Астана қаласынан балама үй алдық. Ол келіншегімнің атында. Бәрін декларацияда көрсеттім. Жиған ақшаға, несиемен автөкөлік алғаным рас. 2023 жылы шыққан Mitsubishi Xpander Cross көлігін 13 млн теңгеге несиеге салоннан алдым. Ырғыздағы әкемнен қалған отбасылық үй. Қарашаңырақ қарындасым тұрады. Мен сынды жақсы қабылдаймын. Кемшілікті түзетуге тырысамын. Жазба белгілі бір топтың әрекеті деп ойлаймын. Ауылда қызметтік үйде тұрамыз. 8 жыл әкім болдым. Біршама жұмыс атқардым. Қайта сайлауға түспеймін. Ауыл қолдайды. Әрдайым алғыс айтып отырады. Белгілі бір топ мені қайта сайлауға түсіп кетеді деп отыр. Бұл маған мотивация. Қайтадан түсіп, өзімнің білімімді, сауатымды көрсетуге толық қабілетім бар, – деді Қасым Жұмабай.

Құдықсай ауылдық ауылдық округте 300 тұрғын. 60 үй бар. Әкімнің әйелі басшылық қызмет атқаратын ауылдағы 9 жылдық мектепте 32 оқушы бар.

Автор: Ардақ Ерубаева

Серіктес жаңалықтары