×
466.33
538.47
5.9
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
466.33
538.47
5.9

Қазақстанда енді жертөлелер мен паркингтер бункер ретінде салынады

Бүгін, 16:07
Қазақстанда енді жертөлелер мен паркингтер бункер ретінде салынады
Фото: Sputnik

Қазақстанда енді жертөлелер мен паркингтер бункер ретінде салынады, деп хабарлайды Ulysmedia.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМДЕМЕСІ

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, биылдан бастап Қазақстанда жертөлелер мен паркингтер табиғи апаттар, әскери жағдайлар мен дрондардан бас сауғалайтын бункер ретінде салынуы тиіс.

Жаңа талапқа сай, жертөлелер мен паркингтерде желдету жүйесі, су және электрмен қамту, санитарлық жағдай жасалуы керек. Ғимараттардың техникалық жағдайы тексеріліп, қажет болса жөнделіп, күшейтіледі.

Ведомство мәліметінше, қазір бар жертөлелер, төменгі қабаттар, жерасты өткелдері мен метро да бас сауғалайтын орын ретінде бейімделмек. Ведомство мұндай тәжірибе әлем елдерінде көп екенін айтады. 

КОНТЕКСТ

Кейінгі жылдары қақтығыс аймақтарында жертөлелер мен метро станциялары дрондар мен бомбадан бас сауғалайтын жер ретінде пайдаланылып жүр. Мысалы, Ресей шабуылына жиі ұшырайтын Украина қалалары жертөле, паркинг және метро станцияларды бункер ретінде қолданып келеді. Израильге халқы да жертөлелерді бас сауғалайтын орын ретінде пайдаланады.

Осыдан екі жыл бұрын төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың қорғанысына арналған нысандардың 70 пайызы жекеменшікке өтіп кеткенін мәлімдеген. Бірақ олардың да жағдайы мәз емес. Кейбірінің пайдалану мақсаты да өзгерген.

«Соңғы бес жылда азаматтық қорғанысқа арналған 70 қорғаныс құрылысы жаңадан салынып, пайдалануға дайын күйге келтірілді. 2024 жылы жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша қорғаныс құрылыстары қорының 70%-дан астамы жекеменшік иелікте, ал шамамен 30%-ы мемлекеттік басқаруда екені анықталды. Қараусыз қалған нысандар – 16. Жергілікті атқарушы органдардың балансында 71 нысан бар. Оларды күтіп-ұстауға 2024 жылы 110 млн теңге бөлінді», – деген еді ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов депутаттарға берген жауабында.

Серіктес жаңалықтары