×
460.37
531.87
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.37
531.87
5.82

Депутаттар вице-министрге заңды тұлғаның кім екенін түсіндіре алмай әлек болды

Бүгін, 12:17
Депутаттар вице-министрге заңды тұлғаның кім екенін түсіндіре алмай әлек болды
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев заңды тұлға мен жеке тұлғаны айыра алмай сынға қалды. Оған төраға Ерлан Қошанов бірнеше рет түсіндіргенімен вице-министр сұрақтың мәнін де түсінген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Заңды тұлғаны мемлекеттік реестрге тіркеу қарастырылмаған

Мәжіліс отырысында депутат Нұртай Сабильянов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаевқа сұрақ қойды. Депутаттың айтуынша, Заң жобасының 6-бабында уәкілетті орган жеке практиканы жүзеге асыратын психологтарды мемлекеттік тізілімге тіркеу тәртібін бекітеді. Осыдан кейін мемлекеттік тізімде бар жеке тұлғалар ғана психологиялық қызмет көрсете алады. Бұл дұрыс. Бірақ біздің елімізде психологиялық қызметті заңды тұлғалар да көрсетуі мүмкін. Яғни психологтар, жеке тұлғалар, азаматтар заңды тұлға құрып, психологиялық қызмет көрсетуге құқылы.

Бірінші сұрағым, заңды тұлғалар көрсететін психологиялық қызметті мемлекеттік тізімге енгізу неге қарастырылмаған? Екінші, психологияылық қызмет тегін көрсетілмейді. Сондықтан бұл қызмет кәсіпкерлік қызметке жата ма? Егер КҚ жатса, онда салық кодексіне де өзгерістер енгізу қажет. Психологтарға салық төлеуші ретінде тіркелу міндеттеле ме?,– деді Нұртай Сабильянов.

Вице-министр сұрақты түсінбеді ме? Әлде қазақша білмей ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі сауалға нақты жауап беру үшін сөзін орысша жалғастырды.

Дұрыс айтасыз, жеке практика бар, сондай-ақ еңбекке ресми орналасқан психологтар консультациялық көмек көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда біздің мәліметіміз бойынша, еңбек келісімшарттарының деректеріне сәйкес, 23 мыңнан астам келісімшарт жасалған. Яғни, 23 мыңға жуық адам түрлі деңгейде осындай консультациялық көмек көрсетуде. Жеке практикаға келетін болсақ, мемлекеттік тізімге жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалар да, сондай-ақ ұйымдарға бекітіліп, консультациялық көмек көрсететін жалдамалы қызметкерлер де тіркеледі деп жоспарлануда, – деді Бахтияр Жазықпаев.

Оның айтуынша, мемлекет жүргізетін ресми тізім шартты түрде жеке практиканы, жеке кәсіпкерлікті және жалдамалы қызметкерлерді тіркеуді қамтиды. Олардың әрқайсысына қатысты, жоғарыда айтылғандай, нақты талаптар мен тиісті тіркеу рәсімдері белгіленеді. Салық мәселесіне келсек, егер адам жалдамалы қызметкер болса, онда барлық әлеуметтік аударымдар міндетті түрде төленеді. Ал егер бұл жеке практика немесе жеке кәсіпкерлік болса, онда жеке кәсіпкер өз қызметін салық режиміне сәйкес жүргізіп, барлық қажетті салықтарды төлейді.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов вице-министрге сұрақтың заңды тұлғалар жайлы қойылғанын айтып ескерту жасады.

Жеке кәсіпкер емес заңды тұлғаларды мемлекет жүргізетін ресми тізімге қосу қарастырылған ба?,– деп нақтылады Қошанов.

Ал вице-министр: «Заңды тұлға деп жұмыс істеп жатқан адамдарды айта ма?», деп нақыталды.

Қошанов заңды тұлғаның орысша аудармасы юридическое лицо екенін тағы да ескертті.

Заңды тұлғалар тізілімге ұқсас тәртіппен тіркеледі. Егер осындай қызметтерді көрсететін заңды ұйымдар туралы айтатын болсақ, тікелей заңды тұлғаның өзі бойынша барлық ақпаратты біз мемлекеттік заңды тұлғалар дерекқорынан көре аламыз. Мемлекеттік реестрге тіркеу де осыған ұқсас түрде жүзеге асырылады,– деді вице-министр.

Жеке тұлға – физическое лицо. Заңды тұлға – юридическое лицо. Солай ғой аудармасы,– деді Қошанов.

Нұртай Сабильянов қайтадан сөз алып, заң жобасында тек жеке тұлғаны тіркеу қарастырылғанын айтты.

Ал заңды тұлғаны мемлекеттік реестрге тіркеу қарастырылмаған. Вице-министр заңды және жеке тұлғаның кім екенін білмей отыр,– деп ашуға бой алдырды Нұртай Сабильянов.

Серіктес жаңалықтары