×
460.37
531.87
5.82
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
460.37
531.87
5.82

«Жалған ақпарат тарату»: 274-ші бап жұмсартылуы мүмкін

Бүгін, 17:51
«Жалған ақпарат тарату»: 274-ші бап жұмсартылуы мүмкін
Фото: kazaknews.kz

Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 274-бабын (көрінеу жалған ақпарат тарату) декриминализациялау немесе жұмсарту мүмкін. Бұл туралы 8 сәуір күні Мәжілісте Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Искаков айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-министр бұл шешімді тек Мәдениет және ақпарат министрлігі ғана емес, бүкіл үкімет болып қабылдайтынын атап өтті.

«Министрлік Қылмыстық кодекстің 274-бабын декриминализациялау мәселесін қарастырып жатыр. Ішінара либерализациялау туралы бұл мәселе бойынша қазір әріптестермен бірге жұмыс тәртібінде кеңесулер жүргізіп жатырмыз», - деді Искаков. 

Қазір елде осы бап бойынша істі болып жатқан бірнеше журналис пен қоғам белсенділері бар. 

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында қазақстандық заңгерлер мен журналистер тобы  «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабын әкімшілік құқық бұзушылықтар санатына ауыстырып, оны жұмсартуды талап етіп петиция жариялаған.

Петицияда Қылмыстық кодекстің 274-бабы қазіргі таңда сөз бостандығын шектеп, журналистер мен белсенділерді қылмыстық қудалауға мүмкін құралға айналған. Олар бұл бап жалған ақпаратпен күресу мақсатында енгізілгенімен, іс жүзінде шамадан тыс саясиланып, әлеуметтік желідегі жазбалар мен БАҚ-тағы сыни материалдар үшін қолданылып отырғаны жазылған. 

Серіктес жаңалықтары