×
475.31
555.54
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.31
555.54
6.05

«Тудың ба – үйде отыр!»: жұмыс істейтін аналардың жәрдемақысы дау тудырды

Бүгін, 11:33
«Тудың ба – үйде отыр!»: жұмыс істейтін аналардың жәрдемақысы дау тудырды
коллаж Ulysmedia

2023 жылдан бастап жұмысқа шыққан аналар декреттік демалысы тоқтатылғанын әлеуметтік сақтандыру қорына хабарлап, төлемнен өз еркімен бас тартуы тиіс. Олай болмаған жағдайда артық алған қаражатты қайтаруға тура келеді.

Дегенмен бұл талап аналарды неге алаңдатып отыр? Депутаттар алдағы уақытта осы мәселені көтере ме?  Ulysmedia.kz. тілшісі зерттеп көрді. 

ҚОЛЫҢНАН КЕЛСЕ, АЛДАП КӨР

Еңбек министрлігінің деректеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақыны шамамен 130 мың адам алады. Тағы 400 мыңға жуық адамға 1,5 жасқа дейінгі балаға күтім жасауына байланысты табысынан айырылғаны үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем беріледі.

Егер декреттегі ана баласы 18 айға толмай тұрып жұмысқа шығуды шешсе, ол бұл туралы МӘСҚ-қа міндетті түрде хабарлауы тиіс. Осыдан кейін келесі айдың 1-күнінен бастап төлем тоқтатылады.

Еңбек министрлігі бірнеше рет түсіндіргендей, төлем автоматты түрде тоқтатылмайды. Тіпті бала күтімі бойынша төлем алып отырып, жарты күн жұмыс істесе де, бұл – заң бұзушылық болып саналады. Егер мемлекеттік органдар мұндай жағдайды анықтаса, анадан заңсыз алынған қаражатты қайтару талап етілуі мүмкін.

Жалпы цифрландыру жағдайында қазақстандықтардың жұмысқа шыққанын анықтау қиын емес. Бұл  үшін небәрі бірнеше батырманы басу жеткілікті. Себебі жұмыс берушілер әрбір еңбек шартын электронды базаға тіркеуге және барлық төлемдерді, соның ішінде зейнетақы аударымдары мен МӘСҚ жарналарын жүргізуге міндетті.

Бұл төлемнің негізгі мақсаты – әлеуметтік тәуекелге байланысты табыстың жоғалуын өтеу. Осы жағдайда әлеуметтік тәуекел – бала күтіміне байланысты табыстан айырылу. Табыс қайта қалпына келген сәттен бастап төлем тоқтатылуы тиіс. Егер адам жұмысқа шықса, ол бұл туралы 10 күн ішінде әлеуметтік сақтандыру қорына хабарлауға міндетті. Бұған бақылауды уәкілетті органдар жүзеге асырады. Мұндай жағдайлар бұрын да болған: тиісті органдар әйелдерге заңсыз алынған қаражатты қайтару туралы хабарламалар жіберген, – деп заңнамалық норманы түсіндірді Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай.

Ал қанша адам заңсыз алынған төлемді қайтаруға міндеттелгені туралы вице-министр нақты айтпады. Сондай-ақ, аналық өмір мен жұмысты қатар алып жүруге тырысқан әйелдерді мемлекеттің қаржылай жазалауы қаншалықты әділетті деген сұраққа да жауап бермеді.

ТӨЛЕМ БӘРІНЕ БЕРІЛМЕЙДІ

Сонымен қатар, 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табыс жоғалғаны үшін әлеуметтік төлемдерді жұмыс істейтін ата-аналар ала алмайтыны жөніндегі норма 2023 жылдан бастап күшіне енгенін. Көптеген қазақстандықтар бұл туралы «ештеңе білмейді». Солардың ішінде депутаттар да бар.

Мысалы, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов мұндай заңнамалық қарама-қайшылықтан хабарсыз болғанын мойындады. Ол мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін заңнаманы зерттеуге уәде берді.

Дегенмен, норманы қайта қарауға депутат уәде берген жоқ:

 Егер заңдар осылай болса, бәрі заңға сәйкес жасалады. Ал егер біз қазір осы мәселені көтерсек… Әрине, қарастыра аламыз, бірақ бұл бюджеттен шығынның өсуіне әкеледі, – деп түсіндірді депутат.

АУЫРТПАЛЫҚТЫҢ БӘРІ ӘЙЕЛГЕ ТҮСЕДІ

Ал әйел депутаттар әлеуметтік төлем мәселесінен хабардар болып шықты. Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова өз сөзінде бұл мәселені бірнеше рет көтергенін және жақын арада қайта көтеруді жоспарлап отырғанын айтты:

Біз, әйелдер, осы талапты қайта қарауға мәжбүрлеуіміз керек, себебі әйелдерді қорғау – ең алдымен мемлекеттің қауіпсіздігі. Қандай ұрпақ өсетіні әйелге байланысты. Бұл – қылмыстың азаюы, балалар арасындағы аурудың төмендеуі және тағы басқа. Сондықтан мен қолданыстағы ескі талапты өзгерту қажет деп есептеймін, – деді депутат.

Сағындықованың пікірінше, отбасында әйелдер кішкентай бала болмаса да, қосымша ауыртпалық көтереді. Бұл мәселені де шешу қажет.

МЫҢНАН АСТАМ ӘСКЕРИ ӘКЕ ДЕКРЕТТЕ

Депутат Айгүл Құспан бала күтімі бойынша төлемдерді есептеу жөніндегі қазіргі тәсілді әділ деп санайды және оны мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүктемесіне сай деп бағалайды:

Әрине, идеал жағдайда жұмыс істейтіндерге де бұл төлемдерді беру мүмкін болар еді. Бірақ біздің бюджетіміздің өзі 60%-ы әлеуметтік салаға жұмсалады. Сіздер елестетіп көріңіздер, қаншама төлем осы жаққа кетіп жатқанын, – дейді Айгүл Құспан.

Оның ойынша, Қазақстанда жас ата-аналарға арналған төлемдер жеткілікті. Ал осы салада жеңілдік жасау мемлекет үшін жаңа проблемалар тудырады:

 Қазіргі уақытта әскердегі ерлер декретке шығып, төлемдер мен әртүрлі жеңілдіктер алады. Сол уақытта оларға еңбек өтілі есептеледі. Себебі ерлер мен әйелдер тең және бала күтіміне демалысқа шығуға бірдей құқыққа ие. Бірақ ол шынымен балаға күтім жасап жатыр ма, әлде такси жүргізіп, әйелдері балалармен айналысып отырған шығар. Бізге белгісіз, – деп түсіндірді Айгүл Құспан.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта 1000-нан астам әскери қызметкер бала күтімі бойынша демалыста. Ал олардың декреттке шығуы, өз кезегінде жұмысқа да әсер етеді. Сондықтан ер азаматтарды мамандығына қарай декретке шығару керек сияқты. Айгүл Құспанның мәліметінше, олардың арасында зымыраншылар мен киберқауіпсіздік мамандары бар. Ал олардың орнына уақытша басқа маман іздеу мүмкін емес.

Еске сала кетейік, бұған дейін әкелердің декреттегі уақыты еңбек өтіліне есептелетінін жазған болатынбы. 

Серіктес жаңалықтары