×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі 43,7%-ға артты

Бүгін, 16:31
Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі 43,7%-ға артты
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстандағы зауыт-фабрикалар биыл қаңтар-ақпан айларында 665,1 миллиард теңгенің азық-түлігін шығарған. Бұл былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 11,9%-ға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Негізі мамандар өндіріс көлемі тек 4,3%-ға ғана өседі деп болжаған болатын. Бірақ іс жүзінде өсім жоспарлағаннан үш есеге жуық артық болып шықты.

Сары май 2 есе көп өндірілген

Негізгі азық-түлік санаттарының басым бөлігінде оң динамика байқалды. Ең жоғары өсім сары май өндірісінде тіркеліп, көлемі 56,5%-ға артып, 8,1 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнімдер 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті.

Ал ет консервілері өндірісі 12,9%-ға артты. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы еті өндірісі 6,9%-ға өсті. Шұжық өнімдері 6%-ға, өсімдік майы 12,3%-ға, өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністер 13,4%-ға ұлғайды. Өңделген сүт 1,6%-ға, қышқыл сүт өнімдері 3,5%-ға, ұн 11,9%-ға, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер 5,2%-ға, макарон өнімдері 8,1%-ға өсті.

564,3 млн литр алкогольсіз сусын өндірілген

Сусындар өндірісі де 10,2%-ға өсіп, 175,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте алкогольсіз сусындар өндірісі 43,7%-ға артып, 564,3 млн литрге жетті (былтыр – 392,7 млн литр).

Жалпы статистикалық деректер еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады. 

Серіктес жаңалықтары