×
473.13
554.08
6.13
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.13
554.08
6.13

Қария балаларымен 30 жылдан кейін қауышты

Бүгін, 18:03
Қария балаларымен 30 жылдан кейін қауышты
Фото:Polisia.kz

Ақтөбе облысында учаскелік полицей қарт ананы балаларымен 30 жылдан кейін қауыштырды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.
 

Құжатсыз анаға жәрдемдескен

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Қосестек ауылында қызмет ететін учаскелік полиция инспекторы Айболат Бекнияз ауылдағы әрбір тұрғынды жақсы біледі.  Соңғы уақытта полиция майорын ауылға көшіп келген сырқат қарияның жағдайы қатты алаңдатқан. 72 жастағы Людмила Скрипниктің ешбір жақыны да, құжаттары да болмаған. Құжаттарын қандай жағдайда жоғалтқанын да қария есіне түсіре алмаған.

Учаскелік полиция инспекторы Айболат Бекнияз қарт әйелдің құжаттарын рәсімдеуге көмектесу үшін жан-жаққа сұраулар жібере бастаған. Алғашында ешбір нәтиже бермегенімен, кейін мұрағаттан 30 жылдан астам уақыт бұрынғы құжатты тапқан.Құжатта Людмила Скрипниктің 3 баласы бар деп көрсетілген. Содан  полицей тынбай іздену арқылы олардың бірін іздеп тауып, хабарласқан. 

Телефон тұтқасын көтерген әйел адамнан “Людмила Скрипникті танисыз ба?” деп сұрағанымда ол қатты толқып кетті. Көп жыл бұрын жоғалтқан анасы екенін айтты. Мән-жайды түсіндіріп бердім. Ол қарияның 3 баласы да аман-сау, өз отбасыларымен Павлодар қаласында тұрып жатқанын, анасын көп жылдан бері іздеп жүргенін айтты. Қызы анасымен дереу сөйлестіруді өтінді,– дейді Айболат Бекнияз. 

Балалары да анасын ұзақ жыл іздепті

Қатты қуанған полицей қарияның үйіне барып, сырқат кейуананы бейнебайланыс арқылы балаларымен сөйлестірген. Перзенттері полицейден құжатсыз анасын қастарына әкелуге көмектесуді сұраған.  Қарияның денсаулығы алыс жолға жарамайтынын біліп, Айболат Бекнияз ауыл дәрігерімен бірге қарияны бір айдай емдеген. Сәуір айында полицей денсаулығы реттелген Людмила Скрипникті таксиге отырғызып, Павлодарға қарай жөнелткен. Бүгінде балаларымен бір дастархан басында қауышқан ана Айболатқа алғысын жаудыруда. 

 Менің қайғыма бейжай қарамай, көмек қолын созған жалғыз адам – Айболат болды. Соңына дейін бірге болып, балаларымды тауып берген Айболатқа алғысым шексіз. Осындай мейірімді жандар көбейе берсе екен, — дейді қария.

Балалары да анасымен қауыштырған, кең жүректі учаскелік инспекторға қайта-қайта қоңырау шалып, қонақ болуға шақырып жатыр. Анықталғандай, осыдан отыз жыл бұрын Людмила Скрипниктің басына ауыр іс түсіп, балаларынан ажыраған. Үш баласы алыс туыстарының үйінде тәрбиеленген. Кейін сырқаттанған анасы басқа елде өмір сүріп,  перзенттерін есіне түсіре алмағандықтан, іздеп таба алмаған. 

 

Серіктес жаңалықтары