×
471.46
555.38
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.46
555.38
6.18

Жаңа ереже: Енді фильмдер прокатқа дейін тексеріледі

Бүгін, 13:03
Жаңа ереже: Енді фильмдер прокатқа дейін тексеріледі
коллаж Ulysmedia

21 сәуірден бастап Қазақстанда фильмдерді прокатқа дейін сараптаудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бұйрықты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бекіткендеп хабарлайды Ulysmedia.kz . 

САРАПТАМАЛЫҚ КОМИССИЯҒА КІМДЕР КІРЕДІ?

Фильмдерді прокатқа шығар алдында арнайы сараптамалық комиссия тексереді. Ал оның құрамына мемлекеттік орган өкілдері мен түрлі мамандар – заңгерлер, психологтар және кино саласының сарапшылары кіреді.

Комиссия фильмдерде тыйым салынған контенттің бар-жоғын бағалайды. Мысалы, зорлық-зомбылықты насихаттау, араздық тудыру, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе заңнамаға қайшы өзге де ақпараттар тексеріледі. Сондай-ақ дәл осы комиссия фильмдердің жас санатын анықтайды.

КОМИССИЯНЫҢ МІНДЕТІ ҚАНДАЙ?

Комиссия мыналарды бағаламайды:

  • фильмнің көркемдік деңгейі мен эстетикалық құндылығы;
  • коммерциялық табыстылығы;
  • саяси немесе идеологиялық ұстанымдары.

Сараптама қорытындысы бойынша мамандар фильмнің сипаттамасы, талдау нәтижелері мен ұсыныстар көрсетілген қорытынды дайындайды. Ал комиссия отырысының хаттамасында:

  • фильм атауы;
  • өндірілген ел;
  • құқық иесі туралы мәлімет;
  • қысқаша сипаттама;
  • сараптама нәтижелері;
  • жас санаты;
  • комиссия ұсынымдары қамтылады.

Комиссия мүшелері фильм мазмұнын жария етпеуге және ресми шешім шыққанға дейін сараптама нәтижелерін таратпауға міндетті.

Құжатта сондай-ақ мүдделер қақтығысы болған жағдайда сарапшылардың фильмді қарауға қатысуына тыйым салынатыны көрсетілген. Мысалы, егер олар картина авторларымен байланысты болса.

Серіктес жаңалықтары