×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

«Алтын-Емел» ұлттық паркі аумағында қар барысы камераға түсіп қалды

«Алтын-Емел» ұлттық паркі аумағында қар барысы камераға түсіп қалды
Фото: «Алтын-Емел»

«Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері сирек кездесетін қар барысын видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Алтын-Емел» өкілдерінің дерегіне сәйкес мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов кезекті аумақты бақылау кезінде қар барысын (ілбіс) видеоға түсіріп үлгерген.

Бұл – сирек кездесетін әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң, оның табиғи ортада еркін жүріп-тұруы экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ бұл аталған дерек ұлттық парк аумағында жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау жұмыстарының нәтижесін айғақтайтынын жеткізді. 

Қар барысы Қызыл кітапқа енгізілген және адамдарға өте сирек көрінеді. Мамандардың мәліметінше, қазіргі таңда «Алтын-Емелде» шамамен осындай 20 жыртқыш мекендейді.

Серіктес жаңалықтары