×
469.49
552.59
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.49
552.59
6.24

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Түркістан келіссөздер алаңы ретінде ұсынылды

Бүгін, 12:04
Таяу Шығыстағы шиеленіс: Түркістан келіссөздер алаңы ретінде ұсынылды
Фото: ЖИ

Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израильдің Қазақстандағы елшісі Йоав Быстрицкиймен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КЕЛІССӨЗ ӨТУІ МҮМКІН БЕ?

Кездесу барысында тараптар екіжақты көпқырлы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны дамыту перспективаларын талқылап, өзара байланыстарды одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады. Сондай-ақ, сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, Ермек Көшербаев Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстан бейбіт келіссөздер өткізу алаңы ретінде Түркістан қаласын ұсынуға дайын екенін жеткізді.

КОНТЕКСТ

Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иран аумағындағы нысандарға соққы жасай бастады. Бұған жауап ретінде ИранТаяу Шығыстағы бірқатар елдердегі нысандарға шабуыл жасап, Ормуз бұғазын бұғаттайтынын мәлімдеді.

8 сәуірде Вашингтон мен Тегеран екі аптаға атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жариялады. Осыдан кейін Исламабадта өткен келіссөздер нәтижесіз аяқталды.

Қақтығыстың қайта басталғаны туралы ақпарат тарамағанымен, АҚШ Иран порттарын блокадаға алды. Ал Пәкістан келіссөздердің жаңа кезеңін ұйымдастыруға тырысуда.

Серіктес жаңалықтары