×
469.49
552.59
6.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.49
552.59
6.24

Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

Бүгін, 16:03
Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты
Фото: ЖИ

Қазақстанға автокөлік жеткізу бойынша елдер арасында Қытай айқын басымдыққа ие. 2025 жылғы дерекке сәйкес, Қытайдан 163 812 көлік әкелінген. Бұл көрсеткіш басқа мемлекеттерден бірнеше есе жоғары, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2025 жылы Қазақстанға жаңа және қолданыста болған 257 225 көлік құралы импортталды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 52,5%-ға көп. Сонымен қатар елге 14 481 трактор және шамамен 1 миллион мопед пен мотоцикл әкелінген. Бұл деректерді Автонарықты мониторинг және талдау агенттігінің басшысы Артур Мискарян мәлімдеді.

РЕЙТИНГ

Рейтинг Қытайдың нарықтағы үлесі айтарлықтай басым екенін көрсетті. Былтыр көрші елден 163 812 көлік әкелінген. 

Екінші орында АҚШ тұр – 23 562 көлік. Одан кейін Жапония (22 260) мен Оңтүстік Корея (12 399) орналасқан. Ал Ресейден Қазақстанға 6 874 автокөлік жеткізілген.

КОНТЕКСТ
Айта кету керек, Қазақстанда Ресейден әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алымды арттыру туралы бұйрық тіркеуден өтіп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның Индустрия және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Ведомствоның мәліметінше, бұл шара Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда шарттарын теңестіруге бағытталған.

«Утилизациялық алымды арттыру Қазақстан Республикасындағы утилизациялық төлем деңгейін Ресей Федерациясындағы деңгеймен теңестіру, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өзара саудада реттеуші және баға арбитражын болдырмау мақсатында енгізіледі. Қазіргі таңда утилизациялық алымды көтеру туралы бұйрық әділет органдарында тіркеу сатысында», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары