×
469.52
553.75
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
469.52
553.75
6.15

Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші бес тәулікке қамалды

Бүгін, 13:00
Шымкентте  дрифт жасаған жүргізуші бес тәулікке қамалды
Фото: ЖИ

Шымкентте сот жүргізушіні түнгі дрифт жасағаны үшін жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Іс әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды. Анықталғандай, 2026 жылғы 4 сәуірде сағат 23:40 шамасында Алматы тас жолы мен Төлеметов көшесінің қиылысында Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі қауіпті маневрлер («дрифт») жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысы барысында ер адам кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Оның кінәсі хаттамамен, бейнежазбамен және өз түсініктемелерімен дәлелденді.

Іс мән-жайларын ескере отырып, сот оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Серіктес жаңалықтары