×
464.86
544.03
6.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
464.86
544.03
6.14

Қостанай облысында 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды
Фото: instagram / pso_dos.kst_

Қостанай облысында жоғалып кеткен 29 жастағы азаматтың денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Қостанай облысы Боровское ауылының 29 жастағы тұрғынын іздеу жұмыстары аяқталды. Ол үш тәулік бойы хабарсыз кеткендер қатарында болған. 24 сәуір кешінде оның денесі Мормыш көлі акваториясы маңынан табылған.

Жергілікті “Mendiqara үні” басылымының мәліметінше, марқұмның денесін «ДОС» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері анықтаған. Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да қатысқан. Олар туыстары өтініш білдірген сәттен бастап аумақты үздіксіз тексерген.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындаған.

Іздеу жұмыстары үш тәулік бойы жүргізілді. Бүгін шамамен сағат 19:30-да оның денесі өмір белгілерінсіз табылды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында танысын балтамен өлтіріп, мәйітін төсек астына жасырып қойған әйелге сот үкімі шыққанын жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары