×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қар қоры өте көп: Алматыны да су басуы мүмкін

03.02.2023, 17:10
фото: ашық дереккөзден

Алматыға көктем ерте келмек. Ақпан және наурыз айларында температурасының күрт көтерілуі және қатты жаңбыр салдарынан су тасқыны болуы мүмкін."Қазгидромет" РМК Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов осындай болжам айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингке онлайн қосылған Әділ Ахметов мегаполиске іргелес өңірлердегі жағдайға тоқталды.

"1 ақпандағы жағдай бойынша Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Жетісу Алатауының өзен алаптарында ылғал жиналу кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері орташа жылдық мәннен 15-21%-ға жоғары, ал Іле Алатауының оңтүстік беткейі мен Кетмен жотасының солтүстік беткейіндегі өзендердің бассейндерінде орташа жылдық мәндер шегінде 15-21%-ға жоғары", – деп ескертті спикер.

Әділ Ахметовтың айтуынша, Жетісу Алатауы өзендерінің бассейндеріндегі тау өзендерінің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәннен 39%-ға жоғары, Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі, Іле Алатауының оңтүстік беткейіндегі  және Кетмен жотасының солтүстік беткейі өзендердің бассейндерінде қар қоры орташа көпжылдық мәндер шегінде.

Айта кетейік, Түркістан облысының 5 ауданы кешелі бері қызыл сумен арпалысып жатыр. Өңірде 10 күннің жауыны бір күнде жауып, 20 елдімекен су астында қалды, 200 адам эвакуацияланды.

Серіктес жаңалықтары