×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

"Бәріне дайын болуымыз керек": Түркістан облысында он күннің жауыны бір күнде жауған

03.02.2023, 10:17
ТЖМ

Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, су тасқыны әлі тоқтар емес. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аймақта кеңес өткізген төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің сөзінше, қауіпті елді мекендерден 200-ден астам адам және 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланған.

Жалпы, облыстың бес ауданында 20 елдімекенді су басты.

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаровтың мәліметінше, 27 көше мен 234 үйдің ауласына су кірген. Бәйдібек ауданында 36 мал қырылды деген хабар түсіпті.

«Төле би, Қазығұрт ауданында әлі қар жатыр. Ол жақта жаңбыр жауған жағдайда төтенше жағдай болуы мүмкін. Дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар 10 қаңтарда басталды. Сол себепті шығын көп болған жоқ. 10 күнде жауатын жауын-шашын бір күнде жауды. 2-4 ақпан арасында жаңбыр жауады деген болжам жасалды. Бәріне дайын болуымыз қажет», - дейді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай каналы толып жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары