×
461.55
540.38
6.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.55
540.38
6.15

Ормуз бұғазы бойынша халықаралық коалиция құрылуы мүмкін

Бүгін, 09:11
Ормуз бұғазы бойынша халықаралық коалиция құрылуы мүмкін
фото: ашық дереккөзден

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халықаралық коалиция құруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КОАЛИЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫН ҚАНДАЙ

The Wall Street Journal дереккөздерінің мәлімдеуінше, АҚШ Мемлекеттік департаменті шетелдегі елшіліктеріне арнайы нұсқау жіберіп, дипломаттарға өзге мемлекеттерді жаңа бастамаға қосылуға үгіттеуді тапсырған.

Жоспарланған коалицияның негізгі мақсаты – қатысушы елдер арасында ақпарат алмасуды жолға қою, дипломатиялық іс-қимылды үйлестіру және санкциялық саясатты тиімді жүзеге асыру. Ресми түрде бастама әскери емес сипатта ұсынылғанымен, кейбір мемлекеттерге «дипломатиялық және/немесе әскери серіктес» болу ұсынылғаны айтылды.

ҚОЛДАУ ТАППАҒАН БАСТАМА

Бұдан бұрынДональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдайтын елдерді теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді қатысуға шақырған. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Қытай, Жапония және Франция сияқты елдердің қатысуы қарастырылған.

Алайда бұған дейін ұсынылған ұқсас бастама кең қолдау тапқан жоқ. Соған қарамастан, Вашингтон Ормуз бұғазы маңындағы тұрақсыздық жағдайында жаңа коалиция құру арқылы теңіздегі қауіпсіздікті күшейтуді көздеп отыр.

ИРАННЫҢ ҰСЫНЫСЫ

Айта кетейік, бұған дейін Иран Ормуз бұғазындағы кемелерге шабуылды тоқтатып, соғысты аяқтауды, ал ядролық келіссөздерді кейінге шегеруді ұсынған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге арналған бұл ұсынысқа наразы, өйткені онда Иранның ядролық бағдарламасы қарастырылмаған.

CNN дерегінше, жағдайдан хабардар екі дереккөз Дональд Трамп бұл жоспарды қабылдауы екіталай екенін айтқан. АҚШ шенеуніктерінің пікірінше, Ормуз бұғазының жұмысын қалпына келтіру уранды байыту мен оның қорына қатысты мәселелер шешілмей жүзеге асса, Вашингтонның келіссөздердегі негізгі ықпал тетігі әлсіреуі мүмкін. Ал бұғаздағы шектеулер сақталса, энергия тасымалдаушылар бағасы әзір арзандай қоймайды, бұл АҚШ-та газ бағасының күрт өсуіне алып келген.

Серіктес жаңалықтары