×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

«Айтатын жаңалық көп»: актриса Дариға Бадықова көпшілікті ойландырып қойды

«Айтатын жаңалық көп»: актриса Дариға Бадықова көпшілікті ойландырып қойды
ашық дереккөз

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, ішкі ойын бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АКТРИСА НЕ АЙТТЫ?

Өнер иесі өмірінде түрлі кезеңдерді бастан өткергенін меңзеп, бар шындығын ашып айту әрдайым оңай еместігін жеткізді. 

Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер, осындай жағдайлар болған деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ой, бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне, біздегі стереотип – жалқауларға жан ашу.

«ӨМІРГЕ ЖАҚЫН КИНО ТҮСІРЕМІН»

Сондай-ақ ол өмір туралы фильм түсіру басты мақсаты екенін айтты.

Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы, мен киноның желісі өмірдегідей болсын деймін. Әр үйде, тіпті шетел деп жатқан отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы – біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру – басты мақсатым. "Таптым-ау сені" фильміне барыңыздар, ертең демалыс. Тура өмірдегідей кино көресіздер, – деп жазды Дариға Бадықова.

Бұған дейін актриса Дариға Бадықова өзі түскен "Таптым-ау сені 2" фильміне емес, Disney кинокомпаниясының "Моана 2" анимациясына барған көрерменді "түсінбейтінін" айтып, оның бұл пікірі сынға ұшыраған болатын.

 

Серіктес жаңалықтары