×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстандықтар әуе рейсі кешіксе, не істеу керек?

04.02.2023, 13:04
Қазақстандықтар әуе рейсі кешіксе, не істеу керек?
Ашық дереккөз

Рейс тоқтатылған немесе кешіктірілген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде келесі қызметтерді ұйымдастырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

  • жеті жасқа дейінгі баласы бар жолаушыға ана мен бала бөлмесін (болған жағдайда) беру;
  • рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күту кезінде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауы, оның ішінде халықаралық байланыс желілері бойынша немесе электрондық пошта арқылы екі хабарлама;
  • рейстің жөнелтілуін екі сағаттан артық күту кезінде салқын сусындармен қамтамасыз ету;
  • рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан артық және одан әрі күту кезінде ыстық тамақпен қамтамасыз ету:
    әр алты сағат сайын - күндізгі уақытта; әр сегіз сағат сайын - түнде;
  • рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан артық және түнгі уақытта алты сағаттан артық күткен кезде әуекомпания ұсынатын қонақүйде орналастыру;
  • әуекомпания ұсынатын көлікпен әуежайдан қонақүйге дейін және қонақ үй қосымша ақы алынбай берілетін жағдайларда кері жеткізуді қамтиды.

Бұл ретте көрсетілген қызметтер рейстің кешігуі әуекомпанияның кінәсінен болған жағдайда ғана ұсынылады.
Тасымалдаушының кінәсінен жолаушының таңдауы бойынша он сағаттан артық мерзімге рейс тоқтатылған немесе кідіртілген кезде тасымалдаушы:

  • осы тармаққа сәйкес қызметтер көрсете отырып, жолаушыны билетте көрсетілген межелі пунктке дейін ең жақын рейспен тасымалдауды қамтамасыз етеді;
  • жолаушыға билеттің толық құнын қайтарады.

Бұдан басқа, жолаушыны әуекомпанияның кінәсінен тасымалдауды кідірткен кезде, соңғысы, егер ол еңсерілмейтін күштің салдарынан кешіктірудің орын алғанын дәлелдемесе, әрбір кідірту сағаты үшін жолаушыға билет құнының (кідіріс орын алған ұшу учаскесінің) 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейтінін еске саламыз. Өтемақы алу үшін жолаушылар тікелей әуекомпанияға хабарласуы керек.