×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Қазақ-өзбек шекарасында адамдар кептеліп тұр

Бүгін, 11:02
Қазақ-өзбек шекарасында адамдар кептеліп тұр
Фото: ЖИ

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде адам кептелісі пайда болды. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ведомство мәліметінше, мәселе Өзбекстан аумағындағы «Навои» өткізу бекетінің тіркеу жүйесіндегі ақауға байланысты туындаған.

— Іркіліс көрші ел аумағындағы «Навои» өткізу пунктінің тіркеу жүйесінің жұмысындағы ақауларға байланысты болып отыр, — деп хабарлады Шекара қызметі.

Ал Қазақстан тарапындағы өткізу бекеті штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Қазақстан жағынан ешқандай шектеу енгізілмеген.

Шекара қызметі қазіргі таңда жағдайды реттеу үшін екі елдің тиісті органдары бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Өзбекстан тарапы не дейді?

Өзбекстан тарапының ақпаратына сәйкес, мамандар техникалық ақауды жою және жүйе жұмысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстандықтарға шекара арқылы сапар жоспарлаған кезде осы жағдайды ескеру ұсынылды

Серіктес жаңалықтары