×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

Тапшылық пен қымбатшылық: Ирандағы соғыс кімдердің қалтасын қалыңдатты

Бүгін, 13:11
Тапшылық пен қымбатшылық: Ирандағы соғыс кімдердің қалтасын қалыңдатты
фото: ЖИ/Ulysmedia.kz

АҚШ пен Израильдің Иранмен соғысы көп елдің экономикасына соққы боп тиді. Алайда Таяу Шығыстағы қақтығыстан орасан зор пайда көріп отырғандар да аз емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұнай-газ алпауыттары мен банктердің табысы

BBC-дің жазуынша, Ормуз бұғазы арқылы тасымалдың тоқтауы мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың табысын бірнеше есе өсірді. Әсіресе, бағаның құбылуын тиімді пайдаланған BP, Shell және TotalEnergies компанияларының пайдасы бірнеше миллиард долларға артты. Жеткізудегі кедергілерге қарамастан, америкалық ExxonMobil мен Chevron-ның табысы да болжамнан асып түсті.

Ірі банктер де қаржы нарығындағы тұрақсыздықты тиімді пайдала білді. JP Morgan бастаған Уолл-стриттің «үлкен алтылығы» 2026 жылдың алғашқы үш айында жалпы алғанда 47,7млрд доллар пайда тапқан. Инвесторлардың тәуекелі жоғары активтерден қашып, қауіпсіз салаларға ақша салуы және сауда-саттық көлемінің артуы банктердің комиссиялық табысын рекордтық деңгейге көтерді.

Дрондарға тапсырыстың күрт өсуі

Қорғаныс секторы да табыстан кенде емес. Әуе қорғанысы мен дронға қарсы жүйелерге деген сұраныстың күрт өсуі арқасында Lockheed Martin, Boeing және Northrop Grumman сияқты алпауыттар 2026 жылдың басында тапсырыстар көлемі бойынша рекорд жаңартты. 

«Жасыл» энергия компанияларына инвестиция

Соғыс салдарынан қазба отынының қымбаттағаны белгілі. Бұл баламалы қуат көздеріне сұранысты арттырды. Нәтижесінде NextEra Energy, Vestas және Orsted сияқты «жасыл» энергия компанияларына инвестиция салушылар көбейді. Сонымен қатар, бензин бағасының өсуіне байланысты күн панельдері мен электромобильдерге сұраныс күрт артқан. Осы саладағы компаниялар үшін бұл уақыт мүмкіндіктер кезеңі болып тұрғаны анық.

Серіктес жаңалықтары