×
461.26
542.58
6.18
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
461.26
542.58
6.18

АҚШ Венесуэладан 13,5 келі байытылған уранды алып кетті

Бүгін, 13:35
АҚШ Венесуэладан 13,5 келі байытылған уранды алып кетті
Саванна-Ривер ядролық кешені. Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ Венесуэла аумағындағы байытылған уранды алып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.

КОНТЕКСТ

20 пайызға дейін байытылған 13,5 келі уранды Венесуэладан Оңтүстік Каролина штатына тасымалдау операциясы алты аптаға созылған. Уран 1991 жылға дейін жұмыс істеген ескі RV-1 зерттеу реакторында сақталған.

Венесуэла мен АҚШ мамандары  байытылған уранды реактордан шығарып, арнайы контейнермен 160 шақырым жол жүріп, жағалауға дейін алып барған. Одан кейін ол британиялық кемеге тиеліп, АҚШ-қа жеткізілген. Бұл туралы Каракастағы АҚШ елшілігі хабарлады.Тасымалдауға Халықаралық атом энергиясы агенттігінің өкілдері де қатысқан.

Венесуэладан жеткізілген уран Оңтүстік Каролина штатындағы Саванна-Ривер ядролық кешенінде қайтадан өңделіп, пайдалануға дайындалады.

Венесуэла сыртқы істер министрі Иван Хиль бұған дейін Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) бірнеше рет елден жоғары байытылған уранды шығару қажеттігін айтып, жүгінгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, байытылған уранның ел аумағынан шығарылуына АҚШ әскерінің Николас Мадуроны ұстау операциясы да себеп болған. Сол кезде ескі зерттеу реакторының маңындағы нысандар шабуылға ұшыраған.

КОНТЕКСТ

RV-1 зерттеу реакторы Латын Америкасындағы алғашқы ядролық реакторлардың бірі болған. Оның базасында 1960 жылдан 1991 жылға дейін ядролық зерттеулер жүргізілген. Осы мақсатта уран 20 пайызға дейін байытылған.

Ядролық қару жасау үшін уран 90 пайыздан жоғары деңгейде байытылуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары