×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

БАӘ-де қуғында өмір сүрген Пәкістанның экс-президенті қайтыс болды

05.02.2023, 15:25
Ашық дереккөз

Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф 80 жасында Дубайдағы ауруханалардың бірінде қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Соңғы жылдары Первез Мушарраф организмдегі ақуыз алмасуының бұзылуына байланысты сирек кездесетін ауру – амилоидоздан емделді.

Пәкістанның Қорғаныс министрлігі экс-президенттің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Мушарраф Пәкістанда 1999 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келді. Ол 2001-2008 жылдар аралығында президент қызметін атқарған.

2013 жылы үкіметтің бастамасымен Мушаррафқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 2007 жылы Жоғарғы сот Мушаррафтың жаңа мерзімге қайта сайлануының заңдылығын қарастыру туралы шешім шығарған кезде төтенше жағдайдың енгізілуіне және конституцияның тоқтатылуына байланысты мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған. 2019 жылдың соңында ол сырттай өлім жазасына кесілді, бірақ бір айдан кейін үкімнің күші жойылды.

Мушарраф 2016 жылдан бері Дубайда тұрады. Ауруынан соң ол туған жеріне қайтқысы келетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары