×
463.91
544.63
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.91
544.63
6.26

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты тергеу аяқталды

Бүгін, 15:00
Журналист Ботагөз Омароваға қатысты тергеу аяқталды
Фото: Facebook / Ботагоз Омарова

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты тергеу аяқталып, іс жақын арада сотқа жолданбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІС СОТҚА ЖІБЕРІЛЕДІ

Мәжіліс кулуарында ІІМ басшысының орынбасары Әділовтен Ботагөз Омароваға қатысты неге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғаны сұралды. Журналистің кәмелетке толмаған балалары бар екені және журналистика саласындағы беделі ескерілген-ескерілмегені туралы да сауал қойылды.

– Бұл қылмыстық іс бойынша барлық қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін біледі. Тергеу аяқталды. Жақын арада іс сотқа жіберіледі, – деп жауап берді ІІМ басшысының орынбасары.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, наурыз айының соңында Ботагөз Омароваға «жалған ақпарат таратты» деген күдікпен үйқамаққа алу шарасы қолданылған болатын. Осыдан кейін журналистер қауымы мемлекет басшысына үндеу жасап, жағдайды жеке бақылауына алып, әріптестеріне қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.

Кейін премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева билік бұл жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтып, тергеу аяқталмай тұрып асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары