×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

РФММ-да жанжал: Оқу-ағарту министрлігі не дейді

РФММ-да жанжал: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бұған дейін әлеуметтік желіде Республикалық физика-математика мектептері филиалдарына грантқа түсу нәтижелері жарияланғаннан кейін дау туындағанын жазған болатынбыз. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМДЕМЕСІ 

Ведомство мәліметінше, РФММ филиалдарына қабылдау мектеп Жарғысына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға құқылы. Осыған байланысты конкурсқа тіркелу кезінде үміткерлер оқу тілін өздері дербес таңдайды.

Білім беру гранттарының және конкурс орындарының саны сыныптарды жинақтау мүмкіндіктерін ескере отырып айқындалады, – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚОСЫМША РЕСМИ АҚПАРАТ ҰСЫНЫЛАДЫ

Шекті балл қабылдау кезінде алдын ала белгіленбейді және конкурс жарияланған кезде хабарланбайды. Шекті балл қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша қатысушылардың көрсеткіштеріне сәйкес айқындалады.

Сонымен қатар барлық қатысушылар үшін бірыңғай талаптар көзделген. Емтихан тапсырмалары бірдей тақырыптық бағытқа, бірыңғай құрылым мен күрделілік деңгейіне сәйкес әзірленді және әртүрлі нұсқаларда құрастырылды. Мұндай тәсіл академиялық адалдық пен конкурстық іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі конкурстық іріктеудің объективтілігін қамтамасыз ету мәселесіне талдау жүргізуде. Талдау нәтижелері бойынша қосымша ресми ақпарат ұсынылатын болады және Оқу-ағарту министрлігінің бақылауында, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары