×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Лауазымды полицей қызметтік көлігімен әйелін қағып өлтірді

Лауазымды полицей қызметтік көлігімен әйелін қағып өлтірді
Фото: polites.news

Алматы облысының Балқаш ауданында адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 16 мамыр күні таңғы сағат 05:00 шамасында Қонаев-Бақанас тасжолында тіркелген.

Ақпаратқа сәйкес, қызметтік Hyundai Elantra көлігін Балқаш аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Қабдулданов басқарған. Көлікте оның жұбайы да болған.

Дереккөздердің мәліметінше, жол үстінде ерлі-зайыпты арасында жанжал туындаған. Әйел адам көліктен түсіп қалғаннан кейін жүргізуші бірнеше шақырым алға жүріп, кейін кері бұрылған. Сол сәтте жол жиегінде отырған әйелді байқамай, көлікпен қағып кеткені айтылып отыр.

ІІМ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРГЕН ЖОҚ

Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына полиция мен прокуратура қызметкерлері барып, тергеу жұмыстарын бастаған.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралын басқарған адамның абайсызда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Көліктің де айтарлықтай зақымданғаны белгілі болды.

Әзірге Ішкі істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары