×
470.17
547.47
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.17
547.47
6.42

Шахмұрат Мүтәліпке өткен футбол клубы қайта саудаға шығарылды

Шахмұрат Мүтәліпке өткен футбол клубы қайта саудаға шығарылды
Ulysmedia коллажы

«Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өткеннен кейін арада екі жарым ай өтпей жатып, қайтадан саудаға шығарылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Биыл ақпан айының ортасында Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі футбол клубының жеке меншікке берілгенін ресми хабарлаған еді. Команданың тізгіні Forbes тізіміндегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Шахмұрат Мүтәліпке өткен еді. 

Алайда арада екі жарым ай өтпей жатып, футбол клубы қайтадан саудаға шығарылды. Активтерді басқарудың бірыңғай электронды платформасындағы ақпаратқа сәйкес, аукцион 28 мамырда өтеді. Лоттың бастапқы бағасы 224,1 миллион теңге. Сауданы ұйымдастырушы ретінде Шымкент қаласының қаржы басқармасы көрсетілген.

Клубтың не себепті қайта саудаға қойылғаны жөнінде Ulysmedia толық ақпарат алу үшін футбол клубына сауал жолдады. 

Атай кетейік, бұған дейін «Ордабасының» жекеменшікке өтуі қазақстандық футболдағы маңызды өзгерістердің бірі ретінде бағаланған болатын.

Серіктес жаңалықтары