×
$
458.57
€
501.54
₽
5.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
458.57
€
501.54
₽
5.57

Қазақстанда үш номиналдағы ескі банкнотты дүкендер қабылдамайды

Бүгін, 14:53
Қазақстанда үш номиналдағы ескі банкнотты дүкендер қабылдамайды
Ulysmedia коллажы

Келесі жылы Қазақстанда 500, 1 000 және 10 000 теңгелік ескі үлгідегі банкноттардың айналым мерзімі аяқталады. Осыдан кейін олармен дүкендерде төлем жасау мүмкін болмайды. Алайда қазақстандықтар ескі ақшаны жаңасына айырбастай алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қандай банкноттар айналымнан шығады?

Ұлттық банктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ескі үлгідегі банкноттардың айналым мерзімі мынадай тәртіппен аяқталады:

  • 2014 жылғы үлгідегі 1 000 теңгелік банкнот – 2027 жылғы 27 наурызда;

  • 2012 жылғы үлгідегі 10 000 теңгелік банкнот – 2027 жылғы 27 маусымда;

  • 2017 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкнот – 2027 жылғы 24 желтоқсанда.

Аталған мерзімдер аяқталғанға дейін дүкендер мен басқа да ұйымдар ескі және жаңа үлгідегі банкноттарды қатар қабылдауға міндетті.

Ақша құнсызданбайды

Айналым мерзімі аяқталғаннан кейін де ескі банкноттар номиналдық құнын сақтайды. Оларды банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде үш жыл ішінде айырбастауға болады.

Ал Ұлттық банктің аумақтық филиалдарында ескі банкноттарды мерзімсіз айырбастауға мүмкіндік бар.

Сізге қызық болуы мүмкін