×
467.58
543.66
6.44
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
467.58
543.66
6.44

Жас баласы бар ер адамды соттаудағы ерекшелік - Құзырлы орган жауабы

Бүгін, 13:06
Жас баласы бар ер адамды соттаудағы ерекшелік - Құзырлы орган жауабы
sud.ua

Конституциялық сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабына қатысты шағымды қарады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Заң бойынша, 14 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер әкімшілік қамаққа алынбайды. Ал ер адамдарға бұл жеңілдік тек баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған жағдайда ғана беріледі.

Шағым түсірген азамат мұны әділетсіздік деп санаған. Оның айтуынша, әйелге тек баласының бар болуы жеткілікті, ал ер адам қосымша түрде баланы жалғыз тәрбиелейтінін дәлелдеуі керек. Бұл ерлер мен әйелдерге әртүрлі талап қою болып көрінеді.

Алайда Конституциялық сот мұнда жынысқа қарай кемсіту жоқ деп шешті. Соттың түсіндіруінше, мәселе ер немесе әйел болуда емес, баланы кімнің тұрақты қарап-күтіп отырғанында.

Соттың айтуынша, бұл норма баланы жалғыз асырап отырған адам қамалып кетсе, баланың қараусыз қалмауы үшін енгізілген. Сондықтан мұндай айырмашылықтың заңды және түсінікті себебі бар деп танылды.

«Қаралып отырған нормада құқық бұзушының балаға туыстық немесе басқа байланысы нақты көрсетілмеген, тек оның ер адам екені ғана айтылған. Сондықтан бұл талапты соттар әртүрлі түсіндіруі мүмкін. Яғни, ол тек әкелерге ғана емес, баланы тәрбиелеп отырған басқа адамдарға да (қамқоршы, қорғаншы және т.б.) қатысты қолданылуы ықтимал.

Сондай-ақ заңда «баланы жалғыз тәрбиелеп отырған» деген ұғым нақты ашылмаған. Мұны анықтайтын нақты жағдайлар тізімі де жоқ. Соның кесірінен сот тәжірибесінде бұл норма әртүрлі қолданылуы мүмкін», - деп түсіндіреді олар.

Конституциялық соттың пікірінше, сот шешімін кейінге қалдыру барлық мәселені шешпейді және балаға келуі мүмкін кері әсердің алдын толық ала алмайды.

«Бұдан бөлек, мұндай балаларға қамқорлық көрсетудің арнайы құқықтық тетігі болмағандықтан, олардың мүддесін қорғау үшін заңда қосымша өзгерістер қажет.

Әкімшілік қамауды кейінге қалдыру балаға келетін барлық салдарды толық өтей алмайды және оны қорғаудың нақты құқықтық механизмін алмастырмайды», - деп санайды КС.

Сондықтан Конституциялық сот бұл бап Конституцияға сай деп танығанымен, Үкіметке әкімшілік қамау қолданылмайтын адамдар санатына қатысты заңнаманы жетілдіруді ұсынды. Ал Жоғарғы сотқа осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесін жинақтап, қосымша түсіндірме беру жүктелді.

Серіктес жаңалықтары