×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Қазақстанда 3G желісі өшіріледі: кімдер интернетсіз қалуы мүмкін?

19.05.2026, 17:13
Қазақстанда 3G желісі өшіріледі: кімдер интернетсіз қалуы мүмкін?
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандағы ұялы байланыс операторлары 3G желісін өшіре бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

3G-ден бас тарту

Beeline компаниясының баспасөз қызметінің айтуынша, 3G желісін өшіру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: әуелі трафик LTE-ге көшіріледі, құрылғылардың үйлесімділігі тексеріледі, базалық станциялардағы жүктеме қадағаланады, содан кейін ғана жиіліктер біртіндеп босатылады.

Компанияның мәліметінше, мұндай тәсіл абоненттер үшін ауысымды байқатпай өткізуге және дерек алмасудың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді, соның арқасында адам көп жиналатын жерлерде интернеттің баяулауы жағдайы азаяды.

Сондай-ақ, оператор 3G-ді өшірумен шектелмей, байланыс сапасын арттыру үшін желіні тұрақты түрде дамытуға ден қойылып отырғанын жеткізді.  Мәселен, өткен жылы Beeline 500-ден астам жаңа базалық станция орнатып, қолданыстағы желі жабдықтарын үздіксіз жаңғыртып келеді. Бұған қоса, жаңа жиілік қабаттары қосылып, тығыз қалалық ортадағы жүктемені көтеруге мүмкіндік беретін Massive MIMO сияқты технологиялар енгізілуде.

Құрылғысы LTE-ні қолдамайтындар не істейді?

Айта кетейік, 3G желісінің өшірілуі заманауи смартфон қолданушылары үшін ешқандай кедергі тудыра қоймайды. Алайда телефон немесе SIM-карта LTE-ні қолдамаса, мобильді интернеттің сапасы төмендеуі немесе мүлде істен шығуы мүмкін. Мұндай жағдайда абонентке құрылғысын немесе SIM-картасын ауыстыруға тура келеді.

Серіктес жаңалықтары