×
471.93
548.43
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.93
548.43
6.61

Батыс Ресейді Орталық Азиядан ығыстырғысы келеді – Ресей СІМ орынбасары

Бүгін, 11:30
Батыс Ресейді Орталық Азиядан ығыстырғысы келеді – Ресей СІМ орынбасары
Михаил Галузин. Фото: РИА Новости

Батыс Ресейді Орталық Азиядан ығыстырып шығарғысы келеді. Бұл жөнінде Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Михаил Галузиннің сөзінше, мәселе тек экономикалық бәсекелестік туралы емес, сонымен қатар Ресейді аймақтан ығыстырып, Ресей шекарасына жақын жерде Батыс бақылауындағы инфрақұрылым құру талпынысы жөнінде болып отыр.

«Вашингтонның аса маңызды минералдар мен сирек металдар бойынша келісімдерді белсенді түрде ілгерілетуі бізді алаңдатады», — деді Михаил Галузин.

Галузин «Батыс елдері Орталық Азия елдеріне «экономиканы әртараптандыру» және «сыртқы қауіптерден қорғау» ұрандарымен жобалар ұсынып отыр» деп есептейді. Алайда оның астарында аймақ елдерінің Мәскеумен тарихи байланыстары мен ынтымақтастығын әлсірету әрекеті жатыр.

Михаил Галузинтің сөзінше, мұндай қадамдардың түпкі мақсатында — аймақ елдерін Ресеймен арадағы ынтымақтастықтан бас тартуға итермелеу әрекеті жатыр.

КОНТЕКСТ

Былтыр қыркүйекте АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Калеб Орр «Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия аймағы АҚШ-тың ұзақ мерзімге қызығушылығын тудырып отыр» деп мәлімдеген.

Жақында Financial Times басылымы АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлдары – кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп Қазақстандағы вольфрам кен орнына қатысы бар компаниядан үлес алғаны туралы жазған. Басылымның мәліметінше, Дональд Трамптың ұлдары Қарағанды облысындағы кен орнын өндіру бойынша құрылған металлургиялық холдингке кірген компаниядағы үлесті былтыр тамызда иеленген.

Былтыр қарашада америкалық Cove Kaz Capital Group LLC және қазақстандық «Тау Кен Самұрық» ұлттық компаниясы Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орнын қазу бойынша келісімге келген. АҚШ тарабы біріккен кәсіпорынның 70 пайыз үлесін иеленген.

Қарағандыдағы кен орындары – вольфрам қоры бойынша әлемдегі ең ірі жер саналады. Бұл жобаға Қытай мен Ресей компаниялары да үміткер болған.

Серіктес жаңалықтары