×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Дауға айналған Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі

Бүгін, 10:34
Дауға айналған Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі
фото: dalanews.kz

Мәжіліс ҚР Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қандай өзгерістер енгізіледі?

Жоба аясында Салық кодексіне елдің жаңа мемлекеттік басқару моделіне байланысты өзгерістер енгізілмек.

Атап айтқанда:

  • екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылады;
  • сондай-ақ жаңа орган – Қазақстан Халық Кеңесі пайда болады.

Осыған байланысты заңнамалардағы мемлекеттік органдардың атаулары жаңартылып, нормалар Конституциядағы жаңа өзгерістерге сәйкестендірілуде.

Конституциялық сотқа жүгіну тегін болады

Енді азаматтар Конституциялық Сотқа жүгінгені үшін мемлекеттік баж төлемейді.

Бұл талап алынып тасталады, себебі ұқсас норма бұған дейін конституциялық заңнан да шығарылған.

Құжатта бірқатар редакциялық және техникалық өзгерістер де бар:

  • «шетелдік» сөзі «шетелдік азамат» деген нақтырақ ұғыммен алмастырылады;
  • «тенге» орнына «теңге» деп жазу енгізіледі;
  • аумақ атауларын жазу тәртібі нақтыланып, басымдық астана атауына беріледі.

Салық жүйесі өзгере ме?

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, түзетулердің басым бөлігі техникалық сипатта. Яғни, салық салу жүйесінің өзі өзгермейді.

Серіктес жаңалықтары