×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

«Үйде құрбақалар секіріп жүр»: Шымкент іргесіндегі ауыл су астында қалды

Бүгін, 11:27
«Үйде құрбақалар секіріп жүр»: Шымкент іргесіндегі ауыл су астында қалды

Түнде жауған жаңбырдан кейін Шымкент қаласының іргесіндегі Елтай елдімекенінің тұрғындары су астында қалды. Арық арнасынан асқан су аулаларға жайылып, бау-бақша, дәретхана, қора-қопсыны басып қалған. Жаңбыр суы кейбір баспананың ішіне де кірген, деп хабарлайды Ulysmedia.

СУ АСТЫНДА ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАР

Елтай тұрғыны Гүлайым Түрлейеваның сөзінше, тұрып жатқан көшесін жыл сайын су басады. Арық дұрыс қойылмағандықтан, жұмыс істемейді.

– Туалетіміз құлап жатыр, мына жақтың барлығы лай басып жатыр. Біреуі көмекке келген жоқ. Жылда су келеді. Осы жерге ағады. Құлайын деп тұр сарайым да, үйім де. Арық істеген, бірақ жақсы істемеген. Ана жерден сетка қалдырып, екі арыққа су кететін керек. Оны істемеген. Оның суы үйге кіріп жатыр, – дейді Елтай шағын ауданының тұрғыны Гүлайым Түрлейева.

Гүлжамал Асқарова

Тұрғындар күн жылынған соң үйімізге жөндеу жұмыстарын бастаған едік дейді. Бірақ түн ішіндекелген жаңбыр суы ауладағы құрылыс материалдарын тас-талқанын шығарған. Шығынға баттық деген қараша жауаптылар қол ұшын созуға асықпады деп ашынып отыр.

– Айналдырып 1,5-2 сағат жаңбыр жауды. Жаңа жаңбыр жарты сағатқа жеткен жоқ мына үйдің ішіне кірді. Туалетіміз алдыңғы жақта септикпен бірге толып, нәжіспен бірге араласып бәрі үйге кіріп жатыр. Үйіміздің ішінде құрбақалар секіріп жүр сенсеңіздер. Әкімдер келді көмектесеміз деп. Ана жерде тұрады, бірақ кірмейді. Аяқтарын былғағысы келмейді ешқайсысы, – дейді Гүлжамал Асқарова.  

ӘКІМДІК УӘЖІ

Судың арыны қатты болғаны соншалықты арық жиегіндегі темір қоршаудың бәрін қиратып тастаған. Айналасындағы бетон тастарды да орнынан қозғаған. Қазір жауапты органдар жағдайды қалыпқа келтіру жұмыстарына кірісіпті.

– Канал үстінен өтетін үш өткел асты және канал бойындағы бөгеттерді жөндеу жұмыстары жылда жүйелі түрде өткізіледі. Соның нәтижесінде кеше болған табиғи сипаттағы жағдайдан үй шайып кету немесе материалдық зардап шығындарын болдырмауға алып келді. Қазіргі таңда арна бойына тиісті жұмыстар жүргізіліп, төбедегі тау-тасқа тосқауыл қойылатын арнайы нысандар жоспарланып отыр, – делінген Еңбекші аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, бұл Шымкент іргесіндегі елдімекенде болған алғашқы жағдай емес. Жаңбыр жауған сайын су астында қаламыз деген халық бес жыл бұрын тасқыннан қатты зардап шеккен. Сол уақытта әкімдік өкілдері үй салып береміз деп тізім жасап, тіпті тұрғындар қолын да жинап кеткен дейді. Бірақ берілген уәде орындалмаған.

Автор: Назерке Еркінбекқызы

 

Серіктес жаңалықтары