×
471.77
547.25
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.77
547.25
6.6

Қайрат Сатыбалды барған колледждің директоры жұмыстан қуылды

Бүгін, 16:12
Қайрат Сатыбалды барған колледждің директоры жұмыстан қуылды
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжінің директоры жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмадиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды оқу орнына түлек ретінде бітірушілердің 40 жылдық кездесуіне арналған шараға келген. Кездесуді ұйымдастыруға Қорғаныс министрлігінің қатысы жоқ.

– Ол бұл жерге осы оқу орнының түлегі ретінде келді. Колледж басшылығы жауапқа тартылды. Қателеспесем, қызметтен босатылды, – деді министрдің орынбасары.

Колледждегі кездесу

Еске салайық, жуырда Қайрат Сатыбалды ұзақ үзілістен кейін қайтадан жұрт назарына ілікті. Сотталған олигарх Алматыдағы әскери колледжге барып, курсанттармен кездескен. Оның бұл сапары мен жастарға айтқан сөздері қоғамда қызу талқыланды.

Белгілі болғандай, кездесу 8 мамыр күні өткен. Ресми түрде ол оқу орнын тәмамдаған түлектердің 40 жылдық кездесуіне арналған. Қайрат Сатыбалды бұл колледжді 1986 жылы бітірген.

Сапар кезінде Сатыбалды делегация құрамында мобилограф ертіп жүрген. Видеода оның әр қадамы түсіріліп отырғаны байқалады. Алайда колледж әкімшілігі түсірілімге қатысы жоғын айтып, мұны тек оқу орны түлегіне көрсетілген қонақжайлық деп түсіндірген.

Колледж өкілдерінің сөзінше, оқу орнының түлектері жыл сайын Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл қою үшін альма-матерге келеді. Сонымен қатар 2022 жылы, тұтқындалуының алдында Қайрат Сатыбалды колледжге компьютер сыныбын сыйға тартқаны да айтылды.

Серіктес жаңалықтары