×
471.45
547.21
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
471.45
547.21
6.63

Елімізде адам зорлаған 5 қылмыскерге жеңіл жаза кесілген: олар кімдер?

Бүгін, 16:07
Елімізде адам зорлаған 5 қылмыскерге жеңіл жаза кесілген: олар кімдер?
фото: ашық дереккөзден

Елімізде онша ауыр емес қылмыс жасағандардың 49,8 пайызы 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Ал 35,8 пайызы 1 жылға дейінгі мерзімге сотталған. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің (ҚСжАЕК) мәліметінде айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орташа ауырлықтағы қылмыстар

Ranking.kz зерттеуінше, Қазақстанда онша ауыр емес қылмыстар үшін ұзақ мерзімге соттау сирек кездескенімен, ондай жағдайлар бар. 2025 жылы мұндай қылмыстар бойынша сотталған 791 адамның үшеуі 12 жылдан 15 жылға дейін, тағы екеуі 15 жылдан 20 жылға дейін түрме жазасын алған.

Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша да көрсеткіш осыған ұқсас: сотталғандардың 49,1 пайызы 1 жылға дейін, ал 35,9 пайызы 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Бұл – мұндай санаттағы қылмыстар бойынша ең жиі тағайындалатын жаза түрлері.

Ауыр қылмыстарға қандай жаза беріледі?

Ауыр қылмыстарға келсек, сотталғандардың басым бөлігіне 3 жылдан 5 жылға дейінгі (34,9%) және 5 жылдан 8 жылға дейінгі (34,5%) мерзімдер тағайындалған. Ауыр қылмыс жасағандардың төрттен бірі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге сотталса, 0,3 пайызына 1 жылға дейінгі жаза кесілген. Былтыр ауыр қылмыс жасаған 7,8 мың адамның тек екеуі ғана ең ұзақ мерзім – 20 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

«Аса ауыр қылмыс санатында 25 жылға дейін сотталғандар саны көбірек. Өткен жылы мұндай 47 адам тіркелді. Бұл – аса ауыр қылмыс үшін сотталғандардың 4,9 пайызы. Ал өмір бойына бас бостандығынан айырылғандардың үлесі бұдан да жоғары – 6,9 пайыз. Нақты санмен айтқанда, 67 адам. Аса ауыр қылмыстар бойынша ең жиі кездесетін жаза – 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзім (23,8%) және 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзім (22,5%)», – делінген зерттеуде.

Ranking.kz мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер туралы кестеде Қылмыстық кодексте көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмейтін үкімдер де кездеседі.

«Жалпы 2025 жылғы статистикада ауыр қылмыс бойынша сот ең төменгі шектен төмен жаза тағайындаған 159 жағдай көрсетілген. Аса ауыр қылмыстар санатында мұндай 7 үкім тіркелген. Оның себептері көрсетілмеген», – деп жазады басылым.

Мәселен, Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша кісі өлтіргендерге ең төменгі жаза – 8 жыл бас бостандығынан айыру. Соған қарамастан былтырдың үшінші тоқсанында адам өлтіргені үшін айыпталған адамға 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім тағайындалған үкім шыққан. Алайда мұндай жеңіл жазаға қандай жеңілдететін мән-жайлар себеп болғаны ҚСжАЕК есептерінде көрсетілмеген.

Өмір бойына сотталғандар

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстегі жаза мерзімдеріне сәйкес келмейтін үкімдер кәмелетке толмағандарды зорлау немесе жәбірленушінің өліміне әкелген зорлау істері бойынша да кездеседі (120-баптың 4-бөлігі). Қылмыстық кодексте мұндай қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Алайда есепте басқа деректер келтірілген: 120-баптың 4-бөлігі бойынша сотталған 39 адамның тек 12-сі ғана өмір бойына түрмеде қалады. Төртеуі 5 жылдан 8 жылға дейін, екеуі 8 жылдан 10 жылға дейін, 9 адам 12 жылдан 15 жылға дейін, тағы 9 адам 15 жылдан 20 жылға дейін, ал үшеуі 20 жылдан 25 жылға дейін сотталған.

Осындай жағдай Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі – кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері немесе жәбірленушінің өліміне әкелген қылмыстар бойынша да байқалады.

Серіктес жаңалықтары