×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Қазақстан соты Навальный штабының бұрынғы қызметкеріне пана беруден бас тартты

Бүгін, 09:06
Қазақстан соты Навальный штабының бұрынғы қызметкеріне пана беруден бас тартты
Юлия Емельянова

Қазақстан соты Навальный штабының бұрынғы қызметкеріне пана беруден тағы да бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы ресейлік белсенді Юлия Емельянованың пана беру туралы өтінішін тағы да қанағаттандырмады. Бұл жөнінде «Ковчег» құқық қорғау жобасы хабарлады.

– Бұл екінші бас тарту – 27 ақпанда Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі соты осыған ұқсас шешім шығарған еді, – деп жазды құқық қорғау жобасы.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Қазақстан соттарында істі қарау кезінде ресейлік белсендінің құқығы бірнеше рет бұзылған. Айталық, 14 мамырда сот Емельяноваға процеске онлайн-режимде қатысуға рұқсат бермеген, ал оның адвокаты бұл уақытта ұшақта болған. Оның отырысты шегеру туралы өтінішіне сот құлақ аспаған.

"Қазақстан билігінің шешімін даулай береміз және Юлияның Ресейге экстрадициялауына жол бермеуге тырысамыз. Алайда сот процестерінің сипатына қараған сайын Қазақстан Ресейге Юлияны беруден бас тартады деп үмітіміз азая түседі" деп жазды "Ковчег".

КОНТЕКСТ

Қазақстан бас прокуратурасы бұған дейін Ресейдің Емельянованы экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырған еді. Белсендіге қаулыны 29 қаңтарда берген. Осыдан соң Емельянованың қорғаушылары Жоғарғы сотқа шағымданған.

Ақпанның аяғында Қазақстан билігі Емельянованы экстрадициялауды уақытша тоқтатқаны белгілі болған. Белсендінің босқын мәртебесін сұраған өтініші қаралып жатқанда елден шығарылмайды.

"Ресейдің соғысқа қарсы комитеті" жобасы Юлия Емельянованы Ресейге депортациялау ықтималдығы жоғары деп санайды.

Юлия Емельянова –Emigration for Action және Just Help қозғалысының белсендісі. Ол 2025 жылы 31 тамызда басқа елге транзитпен кетіп бара жатқанда Алматы әуежайында ұсталған. Ресей Емельяноваға "таксистің телефонын ұрлады" деген айыппен іздеу жариялаған. Қазір белсенді Алматы шетіндегі уақытша изоляторда отыр.

 

Серіктес жаңалықтары