×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Ескертуді елемеген: Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналары айыппұл арқалады

Бүгін, 13:21
Ескертуді елемеген: Алматыда мектеп түлектерінің ата-аналары айыппұл арқалады
Фото: ЖИ

Алматыда полиция ескертуіне қарамастан соңғы қоңырау мерекесіне орай  автокеруен ұйымдастырған мектеп түлектерінің ата-аналары жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АТА-АНАЛАРҒА АЙЫППҰЛ

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, мемлекеттік органдардың алдын ала ескертуіне қарамастан, қала мектептерінің бірінің түлектері көліктер колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып көшелермен жүрген.

Оқиғаға байланысты 21 түлектің ата-анасы кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған құқық бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (43 250 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзуға байланысты бес әкімшілік хаттама толтырды. Бұл құқық бұзушылық үшін 5 АЕК (21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Тәртіп бұзушылыққа қатысқан көліктер арнайы айып тұрағына қойылды.

ПОЛИЦИЯ ҮНДЕУІ

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы  полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасаған.

- Жыл сайын мерекелік іс-шаралардың бақылаудан шығып кететін жағдайларымен бетпе-бет келеміз. Әсіресе коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ автокөліктермен қауіпті серуендер ұйымдастыру және “кортеждер” үлкен алаңдаушылық туғызады. Жасөспірімдер әсерлі бейнеролик түсіреміз деп жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда, оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін, – деп ескертті сақшылар.

Серіктес жаңалықтары