×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Қазақстандық олигархтар Ресейдегі Volkswagen зауытын сатып алмақшы

06.02.2023, 17:11
Коллаж: Ulysmedia.kz

Ресейлік инвестор мен қазақстандық компания Калугадағы Volkswagen зауытын сатып алып, қайта іске қоспақшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

Ресейлік "Система" ҚҚҚ инвестициялық компаниясы Калуга зауытын Volkswagen компаниясынан сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланды. Жобаға қазақстандық автоөндіруші Allur-ды тарту жоспарланған.

Калугадағы зауыттың қуаты – жылына 225 мың автомобиль, 2021 жылы 118 мың автомобиль шығарылған. Volkswagen Tiguan және Polo модельдері, сондай-ақ Skoda Rapid шығарылды. 2022 жылдың наурызынан бастап, Украинада соғыс басталғаннан кейін зауыт жұмысы тұралаған. Десе де, Volkswagen Ресеймен өзара қарым-қатынаста “ақырын жүріп, анық басады”: мысалы, көптеген еуропалық автоконцерндерден айырмашылығы, қазіргі дағдарысты өз есебінде "соғыс" емес, орыс-украин қақтығысы деп атайды.

AllurGroup құрамына "Агромашхолдинг" және "СарыарқаАвтоПром" өндірістік алаңдары, сондай-ақ AllurAuto дилерлік және дистрибуторлық желісі кіреді.

Allur-да қытайлық акционерлер бар: 2020 жылы топтың негізгі иесі (51%) C&J Ned Auto B. V. болды, оған қытайлық China National Machinery Import & Export Co., Ltd және Anhui Jiangqi Investment Co., Ltd иелік етеді. Anhui Jiangqi Investment Co., Ltd компаниясына тиесілі заңды тұлға арқылы қытайлық JAC автомобиль өндірушісі Ресейде жұмыс істейді. Ал Jiangqi Holdings Қытайдағы VW-мен жұмыс істейді. Allur  директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевке компанияның 27,48%-ы, Юрий Цхайға16,52%-ы, Қазақстанның мемлекеттік даму банкінн 5%-ы тиесілі. Компания 2021 жылғы есебін жариялаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары